Спорт

Аула ойындары олимпиадасы

 

 Дәстүрлі олимпиадаға қатысуға ниет бүлдіруші жасөспірімдердің қатары жыл санап артуда.

Сайыстың интеллектуалдық

 

түрі бойынша биыл барлығы 31 жеткіншек бақтарын сынады.

Нұрлан Жалмұқанов,  “Элегия” балалар мен жасөспірімдер клубы шахмат үйірмесінің жетекшісі:
– Балалардың дайындықтары жақсы. Бәрі бірінші, екінші, үшінші орын алуға ұмтылып жатыр. Шахмат, дойбы ойындары балаларға оқуға көмектеседі. Математика, физика, геометрия жағынан.

Қатысушылардың келесі жүрісті ойлап, қобалжып отырғандары жүздерінен көрініп-ақ тұр. Әрқайсысы жеңісті қолдан бермеуге тырысуда. Ала тақтадағы ойынға жаны жақын жеткіншектердің ойынша шахмат зеректілік пен алғырлықты шыңдайды.

Дәулет Жантаев, жарысқа қатысушы:
– Маған шахмат ойыны ойлы сиқырлығымен ұнайды. Көптеген адамдар бұл ойынды ойнаған. Сол ойын арқылы өздерінің ойларын дамытқан.

Шахматшылар алғырлықтарын сынаса, доп қуалаған жеткіншектер жылдамдықтары мен шеберліктерін байқап көрді. Алаңда «Надежда» және «Балдырған» клубтары. Олардың әрқайсысы ақтық сынға шығу үшін барын салуда. Дегенмен ойын тізгіні «Надеждада». Олар қарсылас құраманың қақпасына 5 допты дәл бағыттады. Оның төртеуін қақпаға дөп түсірген Арман Қамзенов өз командасының жеңіске жетуіне зор үлес қосты.

 Арман Қамзенов, жарысқа қатысушы:
-Маған футбол өте ұнайды. Мен жазғы демалыс кезінде көп уақытымды футбол ойнаумен өткіземін. Командамыздың финалға шыққанына қуаныштымын.

Алдағы күндері олимпиадаға қатысушылар тоғызқұмалық, дойбы, үстел теннисі ойындарынан бақтарын сынамақ.

Инеш Шоқақова