Денсаулық сақтау

Төртем туды

 

 

 

 

Мария, Екатерина, Антонина және Елизавета есімді төрт қыз баланың бақытты анасы Бескөл ауылының 32 жасар тұрғыны. Дәрігерлердің айтуынша бөбектер мерзімінен бұрын туған, бірақ олардың денсаулығына төнер еш қауіп жоқ. Үшеуінің салмағы 2 келіден болса, біреуінікі 1 келі 400 грамм. Бірақ егіздерді ауруханадан шығаруға әлі ертерек. Шамамен екі аптадай олар қалыпты салмақ қосулары керек. Дәрігерлер айтқандай бір-біріне ұқсамайтын сүйкімді қыздарды  ата-анасы әзірге көрсетуден бас тартты. Солтүстік Қазақстанда соңғы рет 2009 жылдың қыркүйегінде үшем дүниеге келген екен.

Жанна Маутова,  облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері:
– Біздің орталық ашылған 20 жыл ішінде мұндай жағдай алғаш рет тіркелді. Ұжымымызбен өте қуандық. Туу кезінде қиындық болғанымен қазір ананың да, сәбилердің де жағдайлары жақсы.
Егіздер салмақ қосқан соң 2 аптадан кейін оларды үйлеріне жібереміз.

Кәусар Аяпбергенқызы