Спорт

«Денсаулық» фестивалі

 

 

 

 

 

“Денсаулық ” фестивалі дәстүрлі шараға айналған. Оның қатысушылары 2400 метр қашықтықты бағындырып, секундомер тілін бірінші болып тоқтатулары тиіс. Дегенмен басты мақсат халықтың  спортқа деген ынтасын арттыру.

Данияр Әбутәліпов, “Нұр Отан” ХДП “Болашақ” филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
– Біз әр мекемеден жастарды жұмылдырып, 23-29 жас аралығында осы спорттық шараға қатысып отыр. Мақсатымыз жастардың денсаулығын тексере отыра, оларды спортқа жұмылдыру.

Сайыста нәзік жандар да белсенділік танытты. Олардың әрқайсысы 6 айналымды жүгіріп өтті.   Айымгүл Нұрмағамбетова «Денсаулық» фестивалінің 50 қатысушысының қатарында. Ол жүлделі орынға ие болу үшін бар күшін салып, нәтижесінде мәре сызығына үшінші болып жетті.

Айымгүл Нұрмағамбетова,  қазақ мектеп-гимназиясы жанындағы шағын орталықтың әдіскері:
– Мына спартакиада жастарға оң әсер етті. Жастар әрқашан да бірінші орында болсын.  Келешекте жақсы табыстарға жете берейік.

Назгүл Қазбекова да мұндай жарысқа алғаш қатысуда. Жас маман жүгіру додасы  жастардың спортпен шұғылдануына сеп болады деп санайды.

Назгүл Қазбекова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ жанындағы көпсалалы колледж мұғалімі:
– Көпсалалы колледждің оқытушылары, әріптестеріміз бәріміз қатысып жатырмыз. Осы іс-шараға қатысқаныма өте қуаныштымын.Шара жалғасын тапса деймін.  

Еліміздің түкпір-түкпірінде ұйымдастырылған кең ауқымды акция Петропавл жастарының  қолдауына  ие болды.

Инеш Шоқақова