Әр түрлі

Ережеп айы басталды

Мұсылман жамағаты үшін Алла Тағаланың берген 4 қасиетті айы бар. Олар Мұхарам, Раджап, Шағбан және Рамазан. Бұл айлар – күнә жасаудан сақтану, құлшылық ету дегенді білдіреді. Мұны өз дәрежесінде түсіне біліп, оны орындауға тырысқан адамға Алла тағала береке береді. Маусымда Раджап айы  басталды. Ол хадисте айтылғандай, Алла Тағаланың айы болып саналады.

 Қасымхан Исаев, “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы:
-Раджаба деген сөз араб сөзінде ұлықтау, мадақтау дегенді білдіреді. Бұрынғы уақытта Исламнан бұрын араб халқы бұл айды ерекше ұлықтаған. Соғыстан, жанжалдан, ұрыс-керістен өздерін тыйған. Ислам діні келгеннен кейін Алла Тағала бұл айдың ұлықтылығын одан бетер арттырған.

Жалпы Раджап айында жасалған қайырлы амалдардың ақысы жайлы Пайғамбарымыздың хадистерінде көп айтылған. Солардың бірі мынаған саяды. Алла елшісінің айтуынша, жәннатта бір өзен бар. Оның суы сүттен ақ, балдан тәтті. Кім де кім осы айда бір күн ораза ұстаса, Алла тағала ол пендесіне осы өзеннің суын ішкізіп, дәмін татқызады екен.

Қасымхан Исаев, “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы:
– Бұл айда ораза ұстаса сауап алады. Ораза ұстағысы келмесе, шамасы келмесе күнә жазылмайды. Өз еркімен орындауы керек. Күнделікті бес намаздан артық намаз орындауға да болады.

 

Осы сауаптарды ескерген мұсылман қауымы болса қасиетті айда мешітке келіп, құран оқытып, садақа беруді ұмытпады.
 
– Мешітке аптасына бір рет барып тұрамыз. Садақа береміз. Туған-туыстарымызды еске аламыз.
-Алла үйіне шын ниетпен жұма сайын келіп тұру керек. Садақасын беріп, аят оқыған дұрыс.
 -Қазақ өзі мұсылманбыз ғой. Біреулерге көмектесіп тұру керек. Ол парыз.

Гүлден Сәрсенбаева