Балалар

Жазғы демалыс маусымы ашылды

 

Қалалық мәдениет және демалыс саябағының орталық кіре берісі жүздері бал-бұл жанған бүлдіршіндерге толы. Бүгін ата-аналары кішкентайларын мұндағы аттракциондардың қызығына бөлеу үшін емес, жазғы суықтыру лагерьлеріне шығарып салуға жиналып отыр. Жеткіншектердің барлығы 2 аптылқ тегін жолдама бойынша жазғы демалыстарын қызықты өткізетін болады.

Зәмзәгүл Қарманова, Петропавл қалалық білім бөлімінің әдіскері:
– Жалпы білім беру қорынан мектептерден 420 оқушы аттанайын деп жатыр. Жаз бойынша 840 оқушы сауықтыру легерьлеріне барып демалып келеді. Бұл балалар аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы отбасыларынан шыққан.  

4 баланың анасы Халима Есенова бүгін ең кіші қызы Аяулымды «Аққайың» сауықтыру лагеріне шығарып салуда. Жол сөмкесіне керек-жарақты салып соңғы ақыл-кеңестерін беріп жатыр.

Халима Есенова:
– Табиғат аясына демалып келсін деп жіберіп жатқан мектебіне рақмет. Былтыр да жібергенбіз өте жақсы демалып келді. Денсаулығы жақсы болды.  

Әке-шешенің қамқорлығынан ерте айрылған 7 жасар Ақтанды нағашылары қамқорлығына алынған. Бүгін ол да сөмкесін асынып қатарластарымен қызықты саяхат жасауға қамданып жатыр.

Ырымжан Арыстанова:

-Ақтан менің жиенім болады, менің қолымда тәрбиеленіп жатыр. Жазғы демалысқа лагерьге шығарып салып жатырмыз. Жақсы демалып, жақсы жігіт болып үйренсін деп.

Ақтан жаңа жолдастарымен автобусқа жайғасып сапарға аттанды. Онымен бірге тағы 210 бала «Аққайың» лагеріне жол тартса, тағы сонша оқушы «Достық» балалар демалыс орнына бет алды. Лагерьлер құшақ жая қарсы алған алғашқы қонақтарына ұмытылмас әсер қалдыратын қызыққа бөлеуге 100 пайыз дайын. Мектепке дейінгі даярлық тобын аяқтаған Ақтан келе сала жаңа достарымен ойынға араласып кетті.

 
 Ақтан Тәжібаев:
– Мұнда маған ұнайды, таза ауа, балалармен таныстым.Қазір балалармен ойнауға барамын.

Бұнда шынымен жазғы демалыстарын тиімді өткіземін деген жеткіншектерге бар жағдайлар жасалған. 5 реттік ас мәзірі дәрумендерге толы. Табиғат аясында ой-өрістерін кеңейтетін түрлі ойындар, байқаулар, спорттық шаралар ұйымдастырылады. Жастар газеті жұмыс істейді. Ыстық су, бассейн, медициналық пункт, фитотерапия, йога.

 Маргарита Грушина:
– Біз 7 бағыт бойынша жұмыс істейміз.
Вокал, хореография,туристік және спорттық шаралар. Әсіресе өлкетану мен тіл дамытуда көптеген бағдарламаларды жоспарлап отырмыз. Оқытушылардың барлығы жоғары білікті мамандар.

Жалпы 5 лагерь маусымында Петропавлдың 7-14 жас аралығындағы 10 мыңнан артық оқушылары демалу мүмкіндігіне ие болады.

Жеңіс Ермұқанов