Қоғам

Сыбайлас жемқорлықпен күресті қалай тиімді етуге болады?

 

Облыстық «Азаматтық альянс» қауымдастығы қоғамдағы жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру бағытындағы бірнеше семинар өткізуді жоспарлаған. Солардың бірі жемқорлық мәселесін жоюдағы БАҚ-тың маңыздылығына арналды. Жемқорлық фактілері алдымен дүйім жұртқа БАҚ арқылы жария етіледі. «Азаматтық альянс», қаржы полициясы өкілдері, нұротандықтар санадағы сыбайласқан жемқорлыққа бейімдіктен арылуда тілшілер қауымының көмегі мол болатындығына сенімді.

 Сергей Худяков,  «СҚО Азаматтық Альянсы» қауымдастығының төрағасы:

– Журналистер адами қатынастардың сарапшысы болып саналады. Сондықтан бүгінгі семинарда жастар, кәсіпкерлер, шенеуніктер санасындағы жемқорлықтан құтылу жолдарын талқылай аламыз.  

Ал қаржы полицейлері тілшілер арасында үздік журналистік зерттеу байқауын да ұйымдастырмақшы.
«Азаматтық альянс» қауымдастығы бірнеше аудиториямен өткізген семинарлардан кейін жемқорлықпен күрес бойынша ұсыныстарын «Нұр отан» партиясының филиалы мен қаржы полициясына тапсыруды жоспарлап отыр.

Әсем Рахметова