Ауыл шаруашылығы

Қызылжар ауданы егісті аяқтады

 

 

 

 

Қызылжар ауданындағы “Лесной” ЖШС егіс науқанын маусымның 5-де тәмамдаған. Серіктестік биыл егіс алқабын 720 га арттырып, барлығы 8551 га бидай сеуіпті.

Любовь Елистратова,  «Лесной»ЖШС бас агрономы:
– Біз науқанға жеткілікті жоғары сортты тұқымды дәрілеп өңдеуден өткіздік. Шамадан көп түскен жауын -шашынның жұмысқа қолбайлау болғанына қарамастан бар істі белгіленген уақытта тындырдық. Қолда бар техниканы егін себу жұмыстарына тарттық. Әсіресе тұқым себуге арналған заманауи кешендердің көмегі зор болды. Биыл үш жұмысты бір-ақ атқаратын 10 агрегат шығардық.

Шаруашылық майлы дақылдар мен мал азығын да сеуіп үлгеріпті. Биыл алғаш рет 100 га жерге қарақұмық дәндерін сіңірген. Сондай-ақ шаруашылықтағылар алдағы орақ науқанында ас бұршақ пен картопты молынан жинауды көздейді.

Любовь Елистратова,  «Лесной»ЖШС бас агрономы:
Бүгінде картопты өңдеу жұмыстарына кірісіп кеттік. Өзге де дақылдардың жер жарып шығуы жаман емес. Өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда тәуірірек өсіп келеді. Енді тек ауа райы тосын мінез көрсетпесе болғаны. Ылғал жеткілікті жиналды. Оны сақтап қалсақ, азықтүлік бағдарламасын іске асырып, жұмысшыларымызды да мол өнімге кенелтетінімізге сенімдімін.

Жалпы Қызылжар ауданынан егіс науқанына 65 серіктестік пен 310 шаруа қожалығы қатысыпты. Агроқұрылымдар барлық 197 мың га алқаптың 168 мыңына бидай септі. Қалған жерге өзге дақылдар мен көкөніс егілген. Былтырғы орақ науқанында орташа гектар берекелігі 14,5 центнерді құраған Қызылжар ауданы облыс бойынша үздік атанған. Биыл да диқандар қарқындарынан қайтпай, мол өнім жинауға дәмелі.

Жеңіс Ермұқанов