Көлік және жолдар

Теміржолда – жазғы кесте

 

Мамырдың 29-нан жолаушы поездарының жаңа кестесі шықты. Онымен халық ғаламтор және жарнамалық кестелер арқылы таныса алады. Бұған дейін қатынаған 14 поездың саны 40-қа дейін жетті.

Ольга Жепко, “Петропавл” станциясының билет кассаларының меңгерушісі:
– Біздің поездар Анапаға дейін, Кисловодск қаласына дейін жүре бастады. 73-ші  поезд бұрын Новосибирск-Воронеж бағытында жүрген. Қазір оның нөмірін 123-ке өзгертіп, Белгородқа дейін қатынайтын болады.

Бүгінде билетті ғаламтор арқылы да сатып алуға болады. Алайда бұл вокзалға келушілердің санын азайтқан жоқ. Жаз келісімен жолаушылар саны артқан. Тәулігіне 2 мыңға жуық адамға қызмет көрсетеді екен. Петропавл станциясында 6 касса жұмыс істейді. Әрбірі күн сайын 300-350 адамды қабылдайды. Сол себепті жолаушы тасымалдайтын көліктерге қосымша вагондар тіркелген.

 Ольга Жепко, “Петропавл” станциясының билет кассаларының меңгерушісі:
-Жаз мезгілінде қосымша купе вагондары іске қосылды. Анапа, Симферополь, Адлер бағытындағы поезда орындар көбейді.

Азаматтарды алыс бағытқа тасымалдау бойынша тариф өзгерістерін реттеу жүйесі бар. Ол кезең бойынша жазылып қойған. Соған қарап, қай кезде билет құны арзандайтынын білуге болады.

Ольга Жепко, “Петропавл” станциясының билет кассаларының меңгерушісі:
–  Ең арзан билеттер мамыр айында болған. Мереке күндеріне байланысты ол кезде билет құны 50 пайызға кеміді. Ал жаз мезгілінде қымбаттайды. Шілде айының он бесінен коэффицент бір де жиырма болады.

Ресей бойынша 5-тен 10 жасқа дейінгі  балаларға арнайы тариф қарастырылған. Ал Қазақстанда 7-15 жас аралығындағы жеткіншектер балалар билетін қолдана алады. 7 жасқа дейінгі балдырғандар көліктің бұл түрімен тегін жүру мүмкіндігіне ие.

Айдана Демесінова