Қоғам

Маусымның 10-ы – «Таза жағалау» акциясы

 

 

 

  
Жаздың аптап ыстығында қала тұрғындары бос уақыттарын жағажайларда өткізгенді жөн көреді. Дегенмен табиғат аясында демалушылар тұрмыс қалдықтарын жағалауларға тастап, жүре береді. Сондықтан болар Есіл өзені мен Пестрое көлінің аумағы қоқысқа толы. Сондықтан биыл “Таза жағалау” дәстүрлі акциясын кең көлемде өткізу жоспарлануда.

Сейілжан Тастеміров, Петропавл қалалық ТКШ бөлімінің  автомобиль жолдары секторының меңгерушісі:
-Есіл өзені 8 секторға бөлінген. Пестрое көлінің жағалауында да ауқымды тазарту шаралары жүргізілмек. Әр секторға мамандар бекітілген.

Елена Захарова биология пәнінен алған білімдерін тәжірибемен ұштастыру үшін оқушыларды жағалауға ерте келген. Оларды жағажайлардың қоқыс алаңына айнала бастағандығы қатты алаңдатқан көрінеді.

Елена Захарова, биология пәнінің мұғалімі:
– Бұл жерге келе сала біз айналадағы қоқысты көрдік.
Жағдай бізді қатты алаңдатты. Адамдарды жастайынан қоршаған ортаны қорғауға үйрету керек деп ойлаймын.

Оқушылар да әр тұрғын қаланың тазалығына жауапкершілікпен қарамайынша, экологиялық жағдай шешімін таппайды деп отыр.
 

Тұрғындар:

– Есіл өзені мен Пестрое көлінің жағалауына достарыммен жиі барамын. Аумағы өте лас, қоқысқа толы.
– Біз табиғаттың байлығын сақтап қалуымыз керек. Сондықтан біз қоқысты өзімізбен бірге жинап жүреміз.
– Мен қоқысты шашпауға тырысамын. Қаланы көріктендіру үшін сенбіліктерге белсене қатысамын.

Маусымның 10-ы күні өтетін «Таза жағалау» экологиялық акциясы қаланы көріктендіруге септігін тигізеді. Әр мекеме бекітілген аумақты абаттандыру жұмыстарына бір адамдай қатыспақ.

Инеш Шоқақова