Білім

Балабақшадағы кездесу

 Күлбаршын Мұқанова 49 жасынан өлең жаза бастаған.

Шығармашылыққа деген қызығушылығы анасынан дарыған екен. Баланың қылықтары өлең шығаруға шабыт береді, дейді ақын. Өткен жылдың күзінен қаламгер қазақ ақын-жазушыларының туындыларын орыс тіліне аудара бастапты. Мұзафар Әлімбаевтың жырларына көбірек ден қойған екен.

Күлбаршын Мұқанова, ақын:
– «Жақсылықтың ерте-кеші жоқ» дейді. Қазір енді қазақша білейік деп қазақ тілінен орыс тіліне Мұзафар Әлімбаевты кішкене аудара бастадым. Соған өзім қуанамын. Жаман ба жақсы ма, енді сіздерге сынға беремін.  

Бұл аудармалардың бірі ақпан айында Алматы қаласында өткен халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алыпты.  Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының  ұжымы балдырғандарға қызықты әдебиеттерді ала келіпті. Жеткіншектер кітаптарды көріп, қызығушылық танытты.

Мәпруза Жұмабаева,  Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі:
Бүгін «Болашақ» балабақшасының балдырғандарына шағын мереке ұйымдастырғымыз келді. Сондықтан қызықты кітаптарды, мультфильм кейіпкерлері болып  киінген белсенді оқырмандарымызды әкеліп, балаларға әдемі мереке сыйладық.

 

Балабақша тәрбиеленушілері де қонақтарға өздері әзірлеген концерттік бағдарламасын ұсынды. Кездесу балақайлардың көңілінен шықты.
 
Айдана Демесінова