Аптадағы маңызды жаңалықтар

Жаңа сүт зауыты салынады

 

 

 

 «Зенченко и К» командиттік серіктестігінің сүт зауытында ең бастысы шикізат тапшылығы жоқ. Қызылжар ауданының Новоникольск селосындағы шаруашылықтан тәулігіне 30-35 тонна сүт жеткізіледі. Шикізаттың молдығынан барлық өнім де қаймағы алынбаған сүттен жасалады. Әр өнім бірнеше мәрте тексерістен өткізіледі.

 Юля Серяцкая, «Зенченко и К» КС сүт зауытының зертхана меңгерушісі:

-Біздің өнімдеріміз тұтынушыға жеткенше үш рет зертханалық тексерістен өтеді. Алдымен сүт фермадан келісімен тексереміз. Өңдеу кезінде химилық , микробиологиялық көрсеткіштерін тексереміз. Үшінші кезең дайын өнімді тексеру. Майлылығы, сапасы біздің құжаттардағы талаптарға сай болуы керек.  

Сүт өңдеу, ыдыстарға құюды атқаратын қондырғылар Ресей мен Қытайдан жеткізілген. Зауыттың негізгі өнімі – сүт. Тәулігіне майлылығы әр түрлі сүттің жиырма тоннасы полиэтилен каптамаға құйылады. Күн сайын 2 тонна қаймақ, 1,5 тонна ірімшік жасалады. Он шақты жыл ішінде зауыт өнімнің қырықтан аса түрін игерген.

Надежда Ламоткина,  «Зенченко и К» КС сүт зауытының өндіріс басшысы:

-Кез -келген жерде көрген сапалы өнімді өзімізге енгізуге тырысамыз. Мәселен, жақында Мәскеуден түрлі дәмдеуіштер қосылған ірімшік массасын алып көрдік. Бізде ірімшік мол. Сондықтан алдағы уақытта осы өнімді жасап көрмекшіміз.

Өнімнің жаңа түрлерін игеру нарықта бәсекелестік орнату үшін аса маңызды. Кәсіпорынның бүгінгі жетістіктері жетерлік. Сәуір айында ғана кәсіпорын өнімдері «Сапа дәстүрі» байқауында екі алтын медаль мен 3 дипломға ие болды. Ал өнім облыстан басқа қалаларға да жөнелтіледі. Астананың өзіне тәулігіне 10-15 тонна өнім жіберіледі. Осылайша, тәуелсіз елімізде өндірісті оң жолға қойған кәсіпорын бизнеске жасалған қолдаудың жемісін көріп отыр.

Георгий Целых, «Зенченко и К» КС директоры:

Бұрындары тексеріс ай сайын келетін. Қазір құзырлы органдар жарты жылда бір келеді.  

Үстіміздегі жылы кәсіпорын жаңа сүт зауытының ғимаратын салуды жоспарлап отыр. Ал жоғары өнімді қондырғылар Германиядан жеткізілмек.

Әсем Рахметова