Қоғам

Өткеннен сабақ



 

Ұлы Отан соғысы аяқталып, фашизм талқандалғалы 70 жыл өтсе де бірқатар елдерде ол әлі күнге дейін көрініс тауып келеді.

 Вадим Рудаков, «Қазақстандағы орыс қауымдастығы» СҚОФ жастар қанатының төрағасы:
– Дөңгелек үстел ұйымдастыруға Львовтағы жағдай әсер етті.
Қаланың жастары көшеге ұлтшылдықты насихаттайтын сөздері бар киімдерді киіп шыққан. Әлемді жайлап кете жаздаған фашизмді талқандауға үлесін қосқан мемлекеттер мұндайға жол бермеуі керек.   

Бүгінгі күні Украина мен Балтық жағалауы елдерінің жастары арасында осы қозғалыс белең алған. Дөңгелек үстелге қатысушылар мұндай сұмдықтың алдын алу керек десті.

 Александр Рассказимов, «Қазақстандағы орыс қауымдастығы» СҚОФ жастар қанатының мүшесі:

 – Осындай кездесулер көптеген қауіптердің алдын алуға септесетіні айқын. Халық араздығын тудыратын осындай оқиғалар Батыс елдерінде жиі кездеседі. Әйтеуір бізде фашистік ұйымдар жоқ.  

Ұлы Отан соғысында елін жаудан қорғау жолында қаза болғандарды еске алуға арналған шараға сол  жылдардың куәгері Василий Карпуков та қатысты. Қария соғыс басталғанда 6 жаста ғана еді. Бұл кезде   ол Украинада болған. Бала болса да партизандарға ақпарат беруге көмектесіп тұрған. Аға буын өкілі “Жеңіс қандай қиындықпен келсе де, ақыр соңы геноцидтік саясатты жаныштады дейді. Василий Карпуковтың ендігі арманы бейбіт өмір.

 Гүлден Сәрсенбаева