Қоғам

Революционер қыздың ескерткіші жаңартылды

 Петропавлда Настя Прокопичеваның ескерткіші 1966 жылы тұрғызылған. Бұл мүсіннің орнатылғанына биыл 45 жыл толып отыр. Осы уақытта ескерткіштің сыры кетіп, кейбір тұстары омырылып бүлінген. Сондықтан қаламыздың бір топ мүсіншілері үстіміздегі жылы ескерткішті қалпына келтіруді ұйғарған.  Бұл игі бастаманы мүсінші Светлана Брютова қолға алыпты. Революционер қыздың құрметіне орнатылған мүсінді өз қаржысына қалпына келтірген.

Светлана Брютова, мүсінші:
– Настя Прокопичеваның ескерткіші қалпына келтіруді қажет етіп тұрған.
Сондықтан бұл жұмысты көпке созбай қолға алдық. Маған әріптестерім үлкен көмек көрсетті.

Светланаға мүсіншілер  Антон Ковалев, Константин Чайка, Олег Волченко жәрдемдескен. Олар биіктігі сегіз метр, темір бетоннан құйылған мүсінді бірнеше күннің ішінде-ақ сырлап-қырлап қалпына келтірген. Енді жаңа кейіпке енген ескерткіш көз қуантады. Айту керек, Антон Ковалев – мүсіннің авторы Иван Масловтың немересі. Ол атасы жасаған туындыны қайта жаңарту жұмысынан шет қалмауды жөн деп тапқан.

Антон Ковалев, мүсінші:
Бұл атама көрсетілген құрмет. Сәтті шыққан жұмыс. Әрине, біз ұрпағы мақтан тұтамыз. Биыл орайы келіп, қалпына келтірдік. Қуаныштымын.

Бұл ескерткіш – үш жылғы еңбектің жемісі екен. Алғашқыда мүсінші Настя Прокопичеваның бейнесін сазбалшықтан жасаған. Бірақ ол құлап қалғаннан кейін, қайта темір бетоннан құйыпты.

 Айымгүл Әбілева