Журналистер спартакиадасы

Спорт

13:36 6 Маусым 2011

Жарыс өңірдегі БАҚ өкілдерінің 8 құрамасын жиды. Спартакиада бағдарламасы спорттың бес түрін қамтыды. Тартыстар олимпиадалық жүйе бойынша өтіп, жеңілгендер бірден жарыстан шығарылды. Алғашқы болып волейбол алаңына газет редакцияларының құрамасы мен МТРА әуесқой қол доп сүйерлері шықты. Кездесу 15 ұпайға дейін екі бөлімнен тұрды. Азғана ұпай айырмасымен мерзімді басылымдар өкілдері келесі айналымға шықтты. Волейбол торынан допты шебер асыра білген  газет редакцияларының құрамасы бұл сында барлық қарсыластарын сан соқтырып, үздік атанды.

 Ғабит Есімсейітов,  «Ауыл арайы» газетінің тілшісі, Жамбыл ауданы:
– Қалам иелері  шағын футбол ойынында да мықтылықтарын дәлелдеуге тырысты.
Әр кездесу кәдімгі кәсіби аяқ доп шеберлерің тартысындай әсер қалдырды. Әдемі голдар, ұтымды пастар мен қақпашылардың қырағылығы көз қуантты. Жылдам шешім, шапшаң қимылды талап ететін командалық ойында журналистер әбден бойларын жазып алды. Бұл сында да сапалы дайындығының арқасында облысымыздың баспа өкілдеріне тең келер қарсылас табылмады.

Ал үстел теннисінен қыздар арасында «Қазақстан-Петропавл» арнасының тілшісі Әйгерім Құсайынова 1-ші орынға қол жеткізді. Ерлер арасында МТРА операторы Руслан Әлиевтен айласын асыратын қарсылас табылмады.

  Руслан Әлиев,  «МТРА» МКК операторы:
Бұл жолы жеңілірек болды. Өткен жылы 2-ші орын алған едім. Биыл есемді қайтардым. Бұл спорт көп дайындық пен шығынды талап етпейді. Сондықтан әр мекемеге теннис үстелін қою салауатты өмір салтын қалыптастырудың бірден бір жолы деп білемін.

Дойбы ойнынан «Солтүстік Қазақстан» газетінің құрамасы жеңіске жетті. Ал шахматта «Қазақстан-Петропавл» телерадиоарнасы қызметкерлерінің бақтары мен баптары қатар шапты. Патшалар ойынының жеңімпаздарына шахмат федерациясының президенті, қала әкімі Нұржан Әшімбетовтың жүлдесі тағайындалды. Жалпы есепте бас жүлде «Қазақстан-Петропавл» телерадиоарнасының ұжымына бұйырды. Әр сында үздік атанған БАҚ өкілдері маусым айының 14-16 аралығында Шымкентте өтетін республикалық спартакиадада өңір намысын қорғайтын болады.

Жеңіс Ермұқанов

Бұдан әрі оқыңыз

“Qyzyljar” ФК алғашқы ұпайға қол жеткізді
“Qyzyljar” ФК маусымды жеңіліспен бастады
Хоккейшілеріміз есеп айырмасын қысқартты
Бәйтерек ауылында еркін күрес үйірмесі ашылды
Роман Креч: үйде спортпен шұғылданайық
Хоккейшілеріміз есе жіберді
Хоккейшілеріміз 3-ші рет жеңілді
Солтүстікқазақстандық велошабандоз Олимпиадаға жолдама алды
Айыртау ауданының тұрғындары онлайн-марафон өткізіп жатыр
“Qulager” сырт айдында “Almaty” хоккейшілерін жеңді
Спортшылар қашықтықтан жаттығу үстінде