Құқық қорғау органдары

Телефон алаяқтары

 

 

 

 

Бір әйел адамның үйіне белгісіз біреу телефон шалып, балаң қылмыс жасап ұсталды деп қорқытады. Үрейі ұшқан жәбірленуші өзін полиция қызметкерімен деп таныстырған алақтың сөзіне бірден сенген. Ұлын құтқару үшін әйелден ірі көлемде ақша талап етеді.

 Жәбірленуші:

-Мама мен пәлеге ұшырадым, одан аман құтылу үшін 3 мың доллар қажет деді. Телефонның ар жағындағы жігіт жылап тұрды, аса қобалжығаннан болар, оның дауысын ажырата алмадым, өзімнің балам болар деп ойладым. Сөйтіп үйдегі бар ақшаны тез жинай бастадым.

Баласын құтқаруға асыққан әйел жүз мың теңге жинап алады. Оның үстіне жалған полицейдің айтуы бойынша бір мың бірлігі бар 3 Билайн және екі Актив картасын алады. Қаражатты алып кетуге орта бойлы жас жігіт келеді. Ал карталардағы номірлерді жәбірленуші талап етушіге телефон арқылы айтып берген. Кешке қарай баласымен хабарласқан әйел алаяқтың алдауына түскенін түсінеді. Полицияға келеді, бірақ іздеу жұмыстары әлі нәтижесін берген жоқ.  Тәртіп сақшылары жыл басынан бері осы сияқты талай оқиғалардың орын алғанын айтады. Көп жағдайда  алақтардың арбауына қарттар мен әйел адамдар түсіп қалады екен. Полицейлер телефон алақтары мазаңызды алса, бірден ішкіістер органдарына хабарласу керектігін ескертеді.

 Дана Ғизатова