Мәдениет

А.Пушкиннің туған күні

 

 

 

Геннадий Осиик бала кезінен әдебитке жақын болыпты. Жуырда орыстың ұлы ақынын пір тұтқан азаматтың өлең жинақтары жарыққа шығыпты. Онда Пушкинге арналған туындылары да бар екен

Геннадий Осиик, ақын, ҚР Журналистер одағының мүшесі:
– А.С. Пушкин орыс әдебиетінде ғана емес, сонымен қатар орыс тілінде де алатын орны ерекше.
Ол орыс тілін әдеби нормаға келтірді десек те артық болмас. Өлең құрылысы да ерекше. Метафораларды көп қолданған.

А.С.Пушкиннің туған күнінде оның ескерткішінің маңайына жиылу дәстүрге айналған. Ұлы ақынға арнап өлең шығарған азаматтар көпшілік назарына өз туындыларын ұсынды. Орыс поэзиясының бастауында тұрған тұлғаның шығармаларын сүйіп оқитын жандардың бірі – Любовь Сидорова. Зейнеткер Пушкин туындылары көп уақыт өтсе де маңызын жоғалтпайтынына сенімді.

Любовь Сидорова, зейнеткер:
– Пушкинді орыс поэзиясындағы күннің көзі деп бекер айтпаған.
Кемеңгер ақынның шығармаларында балдырғандар сүйіп оқитын ертегілер де, жастарды қызықтыратын махаббат тақырыбындағы өлеңдер де бар.

Жиын соңында аға буын өкілдері ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойып тарқасты.

Айдана Демесінова