Құқық қорғау органдары

Жол полициясының жұмыс қорытындысы

 

 

 

2011 жылдың алғашқы 5 айында 87 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның салдарынан 13 адам қаза болса, 112 азамат түрлі дене жарақаттарын алды. Бұған рөлге мас күйінде отырған екі жүргізушінің кесірі де тиіпті. Жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған 38 жол апатының 17-сі жолды белгіленбеген жерде кеспек болғандардың кінәсінен туындаған. Бұл келеңсіздіктерде жолда жүру ережелерін елемеген жолаушылар тасымалымен айналысатын қоғамдық көлік жүргізушілердің де үлесі басым екен.

Болат Дүйсенов, СҚО ІІД ЖПБ бастығының орынбасары:
– Қоғамдық көлік жүргізушілері өте жас. Жол тәртібін бұзып олар асығады. Маршрутпен көбірек өтсе көп ақша ғой, пайда көреді. Енді апта сайын қоғамдық көліктермен жұмыс жасаймыз.

Көлік айдап кету оқиғалары да жиілеген. Өткен жылы дәл осы уақыт аралығында автокөлік нысандарын мініп кетудің 38 фактісі тіркелсе, биыл біреудің темір тұлпарын 27 ұры заңсыз иеленбек болған. Жол сақшылары көп жағдайда азаматтар мүліктеріне жауапсыз қарайды дейді. Бұл қарақшылардың қылмысты кедергісіз жүзеге асыруларына жол ашады.

 Қуаныш Бекенов, СҚО ІІД ЖПБ бөлімінің бастығы:
–  Көлік иелері өздері орамның ішінде, далада,   машиналарды қарамай тастап кетеді. Сосын басқа адамдар мініп кетеді.  

Шілде айының 1-н елімізге қоршаған ортаға зиянды заттарды аз бөлетін Еуро-3 стандартына сәйкес  машиналар ғана енгізілетін болады. Осыған орай шетелдік жеңіл көліктерді ескі тәртіппен әкелуге жанталасып жатқандардың саны артқан. Өткен жылы облысымызға шетелден 10 мыңға жуық көлік нысаны келсе, был 13 мың жаңа темір тұлпар тіркеліпті. Сондықтан өңірде тіркелетін көлік нөмірлеріне деген тапшылық сезіледі екен.

Болат Дүйсенов, СҚО ІІД ЖПБ бастығының орынбасары:
– Бұрын темір жолмен келетін. Қазір олар автокөлікпен жіберіледі. Алматыдан шығып Балқашқа кіреді. Одан соң Қарағандының емтихан тіркеу оындарына, кейін Көкшетауға, ең ақырғы бізге келеді.  

Сондай-ақ журналистер облыс жолдарының жағдайы мен тозған белгілерді ауыстыруға қатысты мәселе көтерді. Жол сақшылары бұл ретте жоспарлы түрде жұмыс атқарып жатқандықтарын жеткізді.

Жеңіс Ермұқанов