ТЖ

Жазғы демалыс қауіпсіздігі басты назарда

Жазғы демалыстың ең қызықты сәттерінің бірі – суға шомылатын кезең. Бірақ көңілді шара барысында балалардың есіне қауіпсіздік шаралары келе бермейді. Олардың саулығына жауап беретін лагерь қызметкерлері. Сондықтан өздері қолданбаса да  арнайы жабдықтардың тілін білу оларға міндет.
Суға шомылу кезінде ұстанатын 7 негізгі ереже бар. Оларды отряд басшылары әр шомылу алдында оқып, балаларды құлақтандыруы тиіс.

 Виктор Держанский, СҚО ТЖД суда құтқару маманы:
– Лагерьлерде әлі бір де бір суға кету жағдайы болған жоқ. Биылғы жаз да тиыш өту үшін жағдай жасаймыз. Жас мамандар ең алдымен өз жұмыстарының маңыздылығын түсініп, әр уақытта мұқият болулары тиіс.

“Достық” лагері алғашқы маусымның қонақтарын, шамамен 200 оқушыны қабылдауға 90 пайыз дайын. Бүгінгі дәрістен алған ақпар жұмыста пайдаға жарар деген үмітте лагерь директоры.

Гүлнәр Таласбаева, “Достық” лагерінің директоры:
-Қауіпсіздік жағынан бәрі дайын. Өрт сөндіруге сәйкес гидранттар бар, эвакуация жоспары бар және барлық керекті құралдар өз деңгейінде дайын деп ойлаймыз.

Аталған лагерь биылғы жұмысқа 29 педагогты тартыпты. Алдағы маусымда “Достықтың” есігі оқушылар үшін былтырғыдай 4 емес, 5 кезең ашық болмақ. Гүлжан Ғалымжанова лагерьде 3 жыл қатарынан еңбек етеді. 

Гүлжан Ғалымжанова,  “Достық” лагерінің қызметкері:
-Бүгін біз апаттық жағдайларда өзімізді қалай ұстап, не істеу керек екенімізді үйренеміз. Әр вожатый апаттық жағдайларда не істейтінін білуі тиіс. 

Қаладағы 6 балалар лагері,  ауа райына байланысты шегерілмесе,  ашылу мерзімін  маусымның 12-не белгілеп отыр.

 

Кәусар Аяпбергенқызы