Мәдениет

Этномәдени фестиваль

 

 

 

 

Тәуелсіздігімізді алған соң 1992 жылдың 4-ші маусымында мемлекеттік нышандарға байқау жарияланды. Қатаң сараптаудан өтіп, Қазақстанның Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды. Сөйтіп, мемлекеттік нышандар ел өмірінің ажарамас бөлігіне айналды.  Талай әлемдік жарыстарда Туымыз желбіреп, Әнұран ойналды. Мемлекеттің белгілерін асқақтатуға арналған этномәдени фестиваль өскелең ұрпақты тарихқа біртабан жақындата түспек.
  Диляра Хасанова, СҚО «Ассамблея» корпоративтік қорының директоры:
– Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Ассамблея» корпоративтік қорының басты мақсаты елімізде тұратын барлық ұлт өкілдерінің тілін, салтын, дәстүрін, мәдениетін жаңғырту. Жалпы Қазақстан өз туын желбіреткелі бір де бір халқын өкпелеткен емес. Барлығын тең ұстап келеді. Өңірімізде өткен жылы да осыған ұқсас байқау ұйымдастырылған еді.

Мемлекеттік рәміздер күніне орай өткізілгелі тұрған фестивальдың мақсаты, әрине, қоғамда тұрақтылық орнатуға, бірлікке, толеранттылық сақтауға шақырады. Оған 13 аудан түгел қатысады.

  Диляра Хасанова, СҚО «Ассамблея» корпоративтік қорының директоры:
 –  Олар байқау талабы бойынша өз елді мекенінің жетістіктерімен таныстыруға, қолөнер бұйымдарын паш етуге, шығармашылық таланттарын көрсетуге тиісті. Бірінші болып фестивальді Аққайың, Жамбыл, Қызылжар аудандары ашпақ.

Байқау 4 сенбіге жалғасады. Ал шілденің 2-сі тек үздік деп танылған аудандық этномәдени орталықтар кездеседі. Маусымның 16-сына қарай өңір халқы «Салт-дәстүр» жарысына куә болады.

Гүлден Сәрсенбаева