Мәдениет

Абылай ханның мерейтойына дайындық

 

 

 

 

Бұл кездесу «Нұр Отан» халықтық -демократиялық партиясының «Тарихи-мәдени мұраны сақтау» акциясы шеңберінде ұйымдастырылды. 1765 жылы Екінші Екатерина Үкіметінің шешімінен салынған Абылайхан резиденциясы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қалпына келтірілген. Студенттер қолбасшының өмірі мен хандық дәуір жайлы ақпаратпен танысты. Жастар ел тарихын біліп өсуі керек. Қиын-қыстау уақытта бірлік пен татулықты мұрат етіп, үш жүздің басын қосқан Абылайдай ханның ісі бүгінгі ұрпаққа өнеге дейді ұйымдастырушылар.

 Әсем Рахметова