Құқық қорғау органдары

«Кендір-2011»

 

 

 

 

 

Ұсталғандардың бірі – 40 жастағы петропавлдық ер адам өзі нашақор, әрі бұрын сотталған болып шықты. Ол өзіндей есірткі құмарларға героин сатып, делдалдықпен айналысқан. Арнайы іздестіру шаралары барысында жедел уәкілдер оның есіркі саудасын кәсіп еткенін анықтаған соң, 5 грамм  героинмен қолға түсірді.

Жұмажан Мұқатанов,  СҚО есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы:
– Маусымның 1 – қазанның 30-ы аралығында Солтүстік Қазақстан облысында «Кендір-2011» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде. Оның мақсаты есірткі заттарын сақтау, өндіру секілді тәртіп бұзушылықтарды анықтау.  

Есірткіні ақша табу көзіне айналдырып қолға түскен жалғыз бұл ер адам емес. 29 жасар  әйел бірнеше жыл бойы наша қолданса да тіркеуге алынбапты. Ол клиенттерімен алдын ала келісіп, белгіленген жерге таксимен ғана жетіп отырған. Соңғы рет 2 грамм героин сатып жатқан жерінен полицияның құрығына түсті.  Күдіктілер тергеу изоляторына қамауға алынды. Олардың қылмыстары бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.

 Кәусар Аяпбергенқызы