Көлік және жолдар

Ауыр көліктерге жолда жүруге шектеу қойылды

 

 

 

 
Облыс аумағы арқылы ұзындағы 1 465 шақырымды құрайтын республикалық маңыздағы тас жол өтеді. Маусымның 1-і – тамыздың  31-і  аралығында магистраль арқылы көлік дөңгелегінің бел теміріне 8 тоннадан артық салмақ түсетін жүк машиналарына уақытша қатынауға шектеу қойылды. Осы талапқа жауап бермейтін көлік нысандарына ережеге сәйкес сағат таңғы 10-н кешкі 10-ға дейін жүруге болмайды. Тыйым сынап бағанасы 25 градус жылылықтан артық болса ғана заңды күшіне ие.

 Андрей Марков, көлік бақылау инспекциясынның СҚОФ бөлім бастығы:
 – Ауа температурасы тым жоғары көтерілетін жаз күндерінде күн сәулелерінің әсерінен тас жол қызып, жұмсарып, жіби бастайды. Осыдан тас жол тез опырылып бұзылады. Сондықтан көлік және коммуникация министрлігі осындай шешім қабылдауға мәжбүр болды.  

Мамандардың айтуынша 70-ші жылдары төселген жолдар бұл талапқа әрең төтеп бере алатын көрінеді. Олардың есептеуінше, дөңгелек қозғалтқышына 6 тоннадан артық салмақ түскеннің өзінде әбден тозған трассаны қиратуға жеткілікті екен. Соңғы 4 жылда жаз келісімен күндізгі уақытта жүк машиналарының қатынауына уақытша рұқсат етілмейді.

Андрей Марков, көлік бақылау инспекциясынның СҚОФ бөлім бастығы:
 -Баршаға ортақ талапты ескермеген жүргізушілерге әкімшілік хаттама толтырылады. Заң бұзған жеке тұлғаларға 5-15, ал заңды тұлғаларға 15-35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айып салынады.  

Бүгіннен бастап жылжымалы пункт жолдағы тәртіпті қадағалауға шықты. Мамандардың қолында барлық заманауи өлшегіш құрылғылары бар. Фото, бейне камералармен де жабдықталған. Бұл жұмысқа жол полициясы да тартылады. Өткен жылы ереже бұзған 35 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылыпты. Заңды аттағандарға  350 мың теңге айып төлеумен қатар, 2 млн. теңгеге жуық шығынды да толығымен өтеуге тура келген. Халықаралық жүк тасымалдау компаниялары мен тез бүлінетін тауар тиеген, жолаушылар тасымалымен айналысатын және төтенше жағдайлардың алдын алып жоюға бағытталған көлік нысандарына бұл шектеу қолданылмайды.

 Жеңіс Ермұқанов