Денсаулық сақтау

Темекі орнына гематоген

  

 

 

 

Акцияның басты атрибуты – гематоген және бетперде. Бұл  жастардың шылымға қарсы екендіктерін айғақтайды. Және гематогенді волонтерлер кездейсоқ таңдамаған.

Наталья Гусева, “Әлем” волонтерлік орталығының директоры:

– Гематоген денсаулықты жақсартады. Ал шылымның бір қорабы адам өмірін 8 минутқа нашарлатады. Бұл акцияның мақсаты – тұрғындарды жаман әдеттен арылуға шақыру болып табылады.  

Еріктілер өткен-кеткен барлық тұрғындарға темекіні гематогенге ауыстыруды ұсынды. Кейбіреулер бірден қуана келісіп жатса, ал енді біреулер ықылас танытпады. Айту керек, темекісін бергісі келмегендердің қатары қалың болды. Бір қорап шылымды беруге ешкім келіспеді, тек біреуін ғана айырбастауға көнді. Бірақ жұртшылық акцияға тиісті бағаларын берді.

-Бұл адамдарды шылым шегуді тастауға, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырады. Бірнеше мәрте темекіні тастауға тырыстым. Бірақ бұл әрекетімнен түк шықпады.

– Мен бұрын шылым шекпейтінмін. Бастағаныма екі айдай болып қалды. Жуық арада тастаймын деп ойлаймын. Ал бұндай акцияларды өткізген дұрыс. Кейбір адамдарға көмектеседі деген үміттемін.
– Бұндай акцияларды қолдаймын. Темекіден гөрі , әрине, гематогеннің денсаулыққа пайдасы көп. //

Жарты сағаттың ішінде еріктілер 20-ға жуық темекі жинап алды. Бұл, әрине, көп емес. Дегенмен, қандай болмасын нәтиже бар. Бастысы – шылым шегудің адам денсаулығы үшін зиянды екенін халыққа жеткізу дейді ұйымдастырушылар.

Айымгүл Әбілева