Аптадағы маңызды жаңалықтар

Мамырдың 31-і – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Петропавлда 2006 жылы бой көтерген ескерткіш алдына бүгін көздеріне жас алып, қолдарына қалампыр ұстаған бір топ кәрі-жас жиналды. Нақақ «халық жауы» атанып, қуғынға түскен мыңдаған азаматты еске алу шарасына облыс әкімі Серік Біләлов та қатысты. 1930-1953 жылдар аралығындағы қанды қуғын 60 млн-ға жуық еш жазықсыз адамның тағдырын тәлкек етті. Олардың 24 миллионы ату жазасына кесілген. Сол жылдары шамамен 4 млн қазақстандық азамат сұм саясаттың құрбанына айналса, олардың он мыңдайы солтүстікқазақстандықтар.  Күлке Әубәкірова бұл күнді барлық отбасының шаңырағын шайқалтқан қаралы күн ретінде еске алады.

Күлке Әубәкірова:
– 1937 жылы әкем кеткенде мен 2 жаста болатынмын, үйімізді алып қойып, мектеп қылған, малымызды колхозға салған, сонда біз ескі сарайда қалдық. Әкеміз кеткенде де тиыштық берген жоқ.  

Қазақ поэзиясының дамуына соны үлес қосқан Мағжан ақын да сталиндік солақай саясаттың құрбаны болған. Халыққа қайта оралған боздақ ақынның ескерткішіне жерлестеріміз гүл шоқтарын қойды. Олар Мағжанның рухына тағзым ету арқылы, репрессия құрбандарын естеріне алды.

 Жасұлан Құдабаев, тыл еңбеккері:
– Шет жағасын өзім де көрдім. 38-39 жылдары. Репрессия құрбандарын ұстап әкетіп жоқ қылған.  

Ескерткіш басында ақынның шығармалары оқылып, кәрі-жас Мағжан туралы сыр шертті.

Кенжегүл Мұсылманбекова, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы:
– Бүгін репрессияға ұшырағандарды еске алу күні. Біз оқытушылар ұжымы келіп жыл сайын еске түсіріп отырамыз. Бұған оқытушыларды ғана емес, студенттерді де шақырдық. Себебі олардың атақты адамдарды еске түсіріп отыруы маңызды.

Ал қалалық мәдениет үйінде бұл күні саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған кеш өтті.

 Кәусар Аяпбергенқызы