Мәдениет

Людмила Ванюкова 65 жаста

 

 

 

 

Людмила Ванюкова 65 жылдық өмірінің 48 жылын   сахнаға арнапты. Әрбір рөлінде жан сұлулығы, актерлік шеберлігімен ерекшеленген ол әр рөліне өзіндік қолтаңбасын қалдыра білді. Оның 65-ші туған күніне орайлас келген «Дорогая Памела» премьерасындағы Памела рөлі де сондай сәтті шыққан бейненің бірі. Америкалық драматург Джон Патриктың шығармасы бойынша қойылған спектакльде ол жан-жағына мейірім шуағы мен жылылық шашып жүретін ақкөңіл әже кейпін айнытпай келтірді.
 
Людмила Ванюкова,  ҚР халық әртісі:
-Мен 60 жасымда дәл осы автордың «Странная миссис Савидж» деген спектаклінде ойнадым, мынау екінші рөлім. Ол адамның қозғайтын басты тақырыбы – жақсылық. Сондықтан бұл менің жаныма жақын рөль. Қазіргі кездегі әр түрлі, өтпелі рөльдер мен үшін қызық емес.

 
  Мерейтой иесін құттықтауға бұл күні достары, әріптестері, замандастары келді. Облыс әкімінің құрмет грамотасын мәдениет басқармасының бастығы Талғат Ақылбеков табыстады. Өнер иесінің өлшеусіз еңбегін оның ең үлкен сыншылары – көрермен қауым да бағалап, ақжолтай тілектерін білдірді.    

 

Көрермендер:
– Шығармашылық табыс, жаңа рөльдер тілейміз.  
– Мен бұл кісіні көп уақыт білемін.
Ол өте кеңпейіл тамаша жан, әрі актер. Осы қуанышымен құттықтап, денсаулығының зор болғанын тілеймін. Осылайша өзіне де, басқаларға да бақыт сыйлап жүре берсін деймін.

 Кәусар Аяпбергенқызы