Мәдениет

“Менің Отанымның тамаша қырлары”

 

 

 

Қатысушылар жас ерекшелігіне қарай 4 топқа іріктелді. Байқауға 10 жастан асқан суретшілер ғана қатыса алды.

 Валентина Корнева, “Коперник” облыстық поляк мәдени орталығы жетекшісінің орынбасары:
– Жеңімпаздарды анықтағанда сайыскерлердің суретті салу техникасын ғана емес, сонымен бірге олардың идеяларына да көп көңіл бөлдік. Жүлдегерлерді таңдау қиын болды. Өйткені көпшілігінің туындылары жоғары деңгейде орындалған.

Екатерина Подлесная 3-ші орынды місе тұтты. 15 жастағы қыз “Настроение” туындысын ұсыныпты. Жүлделі орынға ие болған нәзік жан алдағы уақытта да осындай байқауларда белсенділік танытатынын айтады

 Екатерина Подлесная, байқау жүлдегері:
– Мен күз мезгіліндегі жаңбырды бейнеледім. Өйткені ол кейбір адамдарға жақсы көңіл күй сыйласа, енді біреулерге өзгеше әсер етеді. Оны азаматтар түрліше қабылдайды.

Дәурен Қалиасқардың сурет салу өнеріне бет бұрғанына не бары 2 жыл. “Аталарым шығармашылыққа жақын жандар болған. Бәлкім бейнелеу өнеріне деген икемім солардан дарыған болар” дейді Дәурен. Жоғары деңгейдегі жарысқа тұңғыш рет қатысса да, жеткен жетістігі жаман емес. 17 жастағы суретшінің “Польшадағы Рождество” атты суреті 1-орынға лайық деп танылды.

  Дәурен Қалиасқар, байқау жеңімпазы:
– Орын алғаным үшін қуанамын. Себебі 1-ші рет. Маған ол таң қаларлық мәселе. Өте қуанышты сезіммен мұражайдан мен кетемін бүгін.

Сондай-ақ Руслан Абдрафиков, Егор Загребельный, Сергей Брылконың суреттері де 1-ші орынды еншіледі. Ал Саян Социал, Ольга Сушкова және Сергей Шведовтың туындылары Қазақстандағы Польша Республикасы елшілігінің  2-ші хатшысы Барбара Качмарчиктің жоғары бағасына ие болып, сыйлықтармен марапатталды .

 Айдана Демесінова