Денсаулық сақтау

«Үй дәрігері»

 

 

 

 

«Үй дәрігері» сериясының өнімдері бірден бірнеше ауруға қарсы ем. Көрмеде зауыт өкілдері әрбір өнімнің жеке қасиеттері мен пайдалану мақсаты жайлы толық таныстырды.

Сергей Примаков, ҚР бойынша “Еламед-kz” ЖШС сауда бөлімінің жетекшісі:
– «Фея» деп аталатын құрылғы ринит, гайморит, тонзиллит, фронтит ауруларын емдеуге арналған. Ал «Теплон» – кешенді жылу терапиясында қолданылады. Мұнда жылытуға арналған бірден 6 элемент бар. Оның біреуі «Феядағы» сияқты жоғарыда аталған дерттерді емдейді.

Буын мен белдің ауруына шағымданатын науқастар үшін “Теплон” таптырмас құрал. Денені қыздыратын 6 тілімшені бел мен буындардан өзге демалу жүйелерінің дерттеріне де қолдануға болатын көрінеді. Қазақстандықтар арасында осы сериядан магнитотерапия препараттары сұранысқа ие дейді Сергей Примаков.

 Сергей Примаков, ҚР бойынша “Еламед-kz” ЖШС сауда бөлімінің жетекшісі:
– «Магофон» құрылғысы ағзаға төмен жиіліктегі магниттік өріс арқылы әсер етеді, оған қосылған виброакустикалық әсер де бар. Бұл құрал тірек-қимыл жүйесі аурулары, артроз, артрит, жүрек-қантамыр жүйесі, сонымен қатар кеуде сырқаттарына   қолданылады. Сол сияқты “Алмаг-1-дің» де пайдаланылу аясы өте кең.  

Көрмеде сондай-ақ ер адамдардың ауруларын емдейтін дәрілерді де тиімді бағамен алуға болады. Пушкин көшесі, 67 үйдегі “Мир Фарма” дәріханасында аталған препараттардың бәрін мамырдың 28 -31 аралығында алуға мүмкіндік жасалған. Ал қосымша мәліметтер қажет болса, 49-25-60 телефонына қоңырау шалсаңыз жеткілікті.

Кәусар Аяпбергенқызы