Мәдениет

Жаңа кітаптар көрмесі

 

 

 

Көрмеде мамандығына, жас ерекшеліктеріне қарамастан кез келген оқырман өзіне қажетті дүниелерді таба алады. Мұнда көркем әдебиетті қалайтындарға, қолөнер шеберлеріне арналған, футболсүйер қауым мен сән қуған қыздарды да қызықтыратын кітаптар бар. Мәлселен,  ер қанаты – жылқы туралы кітап бұрын осы мекемеде болмапты. Биыл «Қазақ жылқысының тарихы» атты үлкен энциклопедиялық оқулық келіп түсіпті. Сондай-ақ «Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті», «Қазақ халқының ұлттық киімдері» энциклопедиялары да құнды еңбектердің қатарында. Мұқабасы ерекше безендірілген  «Воин и солдат» кітабы жиылғандарды тамсандырмай қоймады.

Балкүміс Тоқжанова,  С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхана қызметкері:
– Біздің көрмеміз славян жазуы мен мәдени күніне арналған. Бүгінгі күні бізге келіп түскен кітаптар бір жарым мыңға жуық. Енді оқырмандар келіп түскен кітаптармен таныса алады. Энциклопедиялар бар жаңа түскен анықтамалықтар бар, сөздіктер бар, тарихтан бар, заңнан түскен кітаптар бар.

Таңат Сүгірбаев кітап ордасының тұрақты оқырманы. Баспасөз беттеріне шолу жасауға келіп, үлкен көрменің үстінен түскеніне қуанып қалды. Кітап қорының молаюы – жастар үшін әсіресе жақсы дейді ол.

Таңат Сүгірбаев, «Асыл мұра» орталығының жетекшісі:
– Бүгінгі қордың толуы көңіл көншітіп отыр. Бұл арада өзіміздің мемлекеттік тілде, қазақ тіліндегі әдебиеттерге қарайтын болсақ, расында да мақал-мәтелдер 7 777 қазақтың мақал-мәтелдері, тіпті бұрын көрмеген, жаңа шыққан нәрсе. М.Әуезов жөнінде энциклопедия көріп тұрмыз.

Көрмеде тізілген білім кілттеріне деген оқырмандардың қызығушылығы көрініп тұрды. Кітапханашыларға қоятын сауалдары да көп.

Көрермендер:

-Көптен бері С.Мұқанов атындағы кітапханаға келіп жүрмін. Орысша және қазақша кітаптармен көрмеде таныстым. Қазір қазақтың әдет-ғұрпы, салт-санасы деген кітаптармен танысып жатырмын.
-Көрме ұнады. Анықтамалық, көркем- әдеби кітаптардың көп болғаны қуантты. Әсіресе орыс мақал-мәтелдері оқулығы қызықтырды.
-Мен кітапхананың тұрақты оқырманы ретінде көрменің өтіп жатқанына қуаныштымын. Жаңа кітаптар көп түсіпті. Шетелдік фантастардың шығармаларын алып, оқығым келеді.

Тұрғындар 1 апта бойы көрмені тамашалай алады.

 
Айдана Демесінова