Білім

“Болашақ” бағдарламасындағы өзгерістер

 

 

 

 

Мамандардың пайымдауынша, бакалаврды Қазақстанда халықаралық талаптарға сай даярлау  үшін толық мүмкіндік бар. Әрі мамандарды шетелде даярлауға қомақты қаражат қажет. Мәселен, Америка Құрама Штаттарында бакалавриатта бір адамды оқытып шығару үшін 17,6 млн. теңге жұмсалады. Ал бұл қаражатқа бірнеше магистр даярлап шығаруға болады. Айту керек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған “Болашақ” бағдарламасы қазірде өзінің өміршеңдігін көрсете бастады. Осы бағдар­ла­ма­ бойынша шетелде оқып келіп жатқан жастар ел экономи­касын өркендету жолында жемісті еңбек етіп жүр. «Болашақ» стипендиясы Қазақстанда 1994 жылы тағайындалған болатын. Осы уақыттан 2010 жылға дейін «Болашақ» стипендиясын 33 елде оқу үшін 7600-ден астам адам иеленген.

Айман Әубәкірова,  мониторинг пен оқытуды ұйымдастыру басқармасы бастығының орынбасары, Астана қаласы:
– Халықаралық бағдарламалар орталығының мамандары өңірлерге шығып, “Болашақ” стипендиясын иелену талаптарын түсіндіріп жатыр. Бүгінгі кездесуге университет студенттері, оқытушылар және мектеп мұғалімдері келді. Айту керек, 2008 жылдан “Білім жүйесіндегі менеджер” мамандығына квота бөлінген. Бірақ ол осы күні толық игерілмей жатыр. Бағдарламаға қатысу үшін өтінішті шілденің 15-не дейін беруге болады. Ал квота бойынша оқитындар үшін құжаттар шілденің аяғына дейін қабылданады.  

Айымгүл Әбілева