Спорт

Салықшылар спартакиадасы

 

 

 

 

 

Шағын футбол спартакиада аясында өткізілген спорттың ең соңғы түрі. Волейбол, боулинг, теннис, шахматқа құмар салықшылар елдің басқа өңірлерінде өзара бақ таластырып үлгеріпті. Бүгінгіге дейін петропавлдық құрама да құр қол емес екен. Олардың қоржынына 1 алтын медаль бар.

 Әлібек Ашуов, СҚО бойынша салық департаменті бастығының орынбасары:
-Волейболдан Солтүстік Қазақстан облысы 1-ші орын алды. Енді осы сайыста да жеңеміз бе деген жоспарымыз бар.  

Ресми киімдерін спорттық формамен алмастырып, футбол бәсекесіне түсуге асыққан әріптестеріне петропавлдық салықшылар алдымен мерекелік концерт ұсынды. Облыстық салық департаментінің бастығы Уалихан Әмірханұлы футболшыларға сәттілік тілеп, бар жанкүйерлер атынан ойыншыларға есте қаларлық матч күтетіндіктерін жеткізді.  Ашылу салтанаты аяқталысымен 4 құрама бір уақытта футбол алаңына шықты. Солтүстікқазақстандықтар ақмолалықтарға, астаналықтар Қостанай облысының құрамасына қарсы шабуылға шықты. Алғашында екі алаңдағы аяқдопшылар да бір-біріне дес бермей, біркелкі күш танытты. Есесіне жанкүйерлер өз құрамасы жеңіске жетер деген зор сеніммен көңілді отырды.

Бақыт Жаңабаев, Астана қаласы салық департаментінің бөлім бастығы:
-Шамамыз келгенше жақсы ойын көрсетіп, жақсы демалып, өзіміздің әріптестерімізге арнап жеңісті алып кеткіміз келеді.  

Футболшылар мен жанкүйерлердің делебесін қоздырған тартысты ойынның қорытындысы көп күттірмеді. Қостанайлық салықшылар футболдағы шеберліктерін дәлелдеп, 1-ші орынды алып кетті. Сондай-ақ бұл құрама маусымның 10 -11 күндері Алматыда өтетін ақтық ойындарға жолдама алды. Ал алаң иелері 3 орынның жүлдесін өз қоржындарында қалдырды.

Кәусар Аяпбергенқызы