Мәдениет

“Әнші қолдар” байқауы аяқталды

Есту қабілеті жөнінен мүгедек  жандар арасында өткен IV республикалық байқау 44 үміткердің басын қосқан. Барлығы да жақсы даярлықпен келіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Қазылар алқасы 2 күн бойы қатысушылардың өнерін тамашалап,  орындау шеберліктеріне тәнті болды.

Жангелді Бекбатыров, қазылар алқасының мүшесі:
– Сахналық киім,  одан кейін өлеңнің дұрыс мазмұнын жеткізе білу көрерменге, басқа да сахналық көріністермен, үлгілермен, сондай талаптар қойдық. Барлығы дарынды балалар.
Көрермендердің көңілінен шықты деп ойлаймын.

Сайыскерлерге қойылған талаптардың барлығы жерлесіміз Ирина Сергееваның бойынан табылды. Ол  осыдан 3 жыл бұрын Орал қаласында өткен жарыста да бағын сынапты. Сол «Әнші қолдар» атты ІІІ республикалық байқауда 1-орынға лайық деп танылған. Талаптыға нұр жауар демекші, бүгін ол бас жүлдеге ие болды.

Ирина Сергеева, бас жүлде иегері:
Бас жүлдені жеңіп алғаныма сене алмай тұрмын. Әрине, жүлделі орын алу үшін бар күш-жігерімді салып, талпындым. Өткен жолғыдан 1 адым алға басқаныма өте қуаныштымын. Маған көмектескендерге алғысымды білдіргім келеді.

Жеңімпаздар ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ әрбір қатысушыға естелік сыйлықтар табыс етілді. Жиылғандар қазылар алқасының шешіміне де, солтүстікқазақстандықтардың  қонақжайлылығына да разы болды.

Айгүл Ибраимбекова, Қарағанды қ.:

Сайысқа қатысқанымызға біз өте қуаныштымыз. Адамдарымыз Қарағандыдан болсын, әр қаладан болсын  өз жолдастарын тауып, жақсы әңгімелесіп, жолдас болып кетті. Жаңа жолдастар тапты.


Дмитрий Невротов,  Павлодар қ№:

-Бар жанымды салып, әнді орындадым. Көрермен көңілінен шықты деп ойлаймын. Өзгелермен танысып, достасып алдым. Байқау ұнады.

Бота Үсенова, Ақтөбе қ.:

-Ақтөбеден Петропавлға сайысқа келгенде, жеңемін деп ойладым. Алайда қарсыластарымның шеберліктерін көргенде сәл әлсіздігімді байқадым. Барлығы жақсы дайындалған, мықты болды. 3-орын алғаныма да қуаныштымын.

Енді есту мүшесі зақымданған талаптылар келесі жылы Белоруссия елінде өтетін халықаралық сайысқа дайындалмақ.

Айдана Демесінова