Білім басқармасының жаңа басшысы таныстырылды

Білім

17:08 23 Мамыр 2011

Облыс әкімі мемлекеттік құрылымдар басшыларына СҚО білім басқармасының жаңа бастығын таныстырды. Осыған дейін Әлима Баймұрзина ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыру және кадрлық жұмыс бойынша департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған. Мамандығы бойынша ағылшын тілінің мұғалімі және саясаттанушы.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:

– Білім басқармасына талапқа сай басшылық жасап, құрылымды жаңа белестерге көтереді деп ойлаймын. Облыстың білім беру саласында оң өзгерістердің болатынына сенімдімін.

Жиында облыстық білім басқармасының бастығы Әлима Баймұрзина мемлекетік бағдарламалардың орындалуы жайлы алғашқы есебін берді. Жұртты алаңдатқан ҰБТ дайындық, балаларды сауықтыру орындарының жағдайы қамтылды. Мектептердегі асханалардағы бағаны төмендету бағытында да бірқатар жұмыстар қолға алыныпты.

 Әлима Баймұрзина, СҚО білім басқармасының бастығы:
-Облыс бойынша мектеп маңындағы 443 гектар жер пайдаға асуда.
Онда негізінен сарымсақ, картоп, қызанақ өсіріледі. Қазіргі кезде 599 мектепте 160 өсімдік қоймасы мен 221 жылыжай бар. 191 гектар жерде картоп өсіреміз. Бақшадан алынған өнім мектеп асханаларына пайдаланылады. Бұл бағаны төмендетуге мүмкіндік береді.

Аудандар бұл тәжірибенің жемісін көріп жүрсе, қаладағы жағдай басқаша. Петропавл мектептеріне деп бөлінген 10 гектар алқап пайдаланылмай келеді. Мектеп бақшасының өнімін іске жарататын асханалар қалада саусақпен санарлық. Бұлардың түйіні биылғы жылы шешілуі тиіс. Күн жылып, жерге көк шыққанда табиғатқа шығатын оқушылардың қатары артады. Рұқсатсыз серуенге шығудың соңы қайғылы аяқталуы мүмкін. Облыс әкімі осы жағдайды білім басқармасы үнемі бақылап отыруы керек деді. “Волна” лагерінде  4 сынып оқушысы қайтыс болған. Жеткіншектер сауықтыру орнына мектеп директорының рұқсатын алып, ата-аналарымен барған. Аймақ басшысы бұл істің ақ-қарасын айырып, кінәлілерді жазалау қажеттігін айтты. Сондай-ақ жиында елді мекендерді қысқы жылыту маусымына әзірлеу, жылу қазандықтарын қалпына келтіруге қатысты мәселелер қаралды. Аудандардағы мекемелерге көмір жеткізу шаруасы тамыздың біріне дейін аяқталуы тиіс. Аймақ басшысы бұдан былай барлық құрылымдардың жұмысы апта сайын сарапталатынын айтты.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
– Барлық құрылымдардың жұмысы, ел тәуелсіздігінің жиырма жылдығына әзірлік, басқа да күнделікті мәселелердің шешілуі апта сайын әкімдіктің отырысында қаралатын болады. Барлық тапсырмалар 100 пайызға орындалуы тиіс.

Дана Ғизатова

Бұдан әрі оқыңыз

Университет қабырғасында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
“Отбасы құндылықтары” атты семинар-тренинг өтті
Химия-биология пәні мұғалімдерінің І халықаралық форумы өтті
Техникалық маман иелерінің үздігі анықталды
Инклюзияны қолдау кабинетінің жұмысы
Жергілікті жастар кәсіби шеберлік сайысынан үш жүлдемен оралды
Оқытушылар мен студенттердің бәсекесі
Ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі өтті
49 студент шетелде өткен өндірістік тәжірибеден оралды
Химия-биология бағытындағы НЗМ аккредитациядан өтті