Қоғам

Дінаралық келісім

 

 

 

Бүгінгі таңда Қазақстанның дамуындағы ерекше сипаттың бірі қоғамдық өмірде діннің рөлі артып келеді. Дінге сенушілер мен діни бірлестіктердің саны да өсуде. Бұл орайда алдын алу жұмыстарына үлкен мән беріп, барынша қырағылық танытқан жөн дейді кездесуге келгендер. Діни экстремизммен күресте мемлекет пен қоғам институттары тізе қосып жұмыс жасауы керек.

 Максим Доценко, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ аға оқытушысы:
– Семинар үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне арналып ұйымдастырылып отыр. Өйткені, экстремизмнің алдыналуда азаматтық қоғамның маңызы зор. Сондықтан үкіметтік емес ұйым өкілдерімен бұл мәселені жан-жақты талқылап, оларды әлемде, елімізде болып жатқан оқиғалардан, қолға алынып жатқан шаралар жөнінде құлағдар ету қажет.  

Бүгінде әлемде болып жатқан оқиғалар алаңдатпай қоймайды. Бір елде тұрып жатқан, бірақ түрлі діни сенімдегі халықтар арасында қарулы қақтығыстар орын алуда. Осындай жағдай аясында барлық ұлт пен ұлыстар үшін бірдей мүмкіндіктер жасалатын көпұлтты, көпконфессиялы қоғам құру ісіндегі еліміздің жетістіктері айқын көрінеді. Кездесуге келгендер облыстағы діни жағдайды тұрақты деп бағалайды. Дегенмен, хабардар болу артық етпейді.

Раиса Бикмухаметова , “Дуслык” татар-башқұрт қоғамдық орталығы басқармасының төрайымы:
– Мұндай оқыту семинарлары, кездесулердің маңызы зор. Бүгінгі жиында көптеген маңызды мағлұмат айтылды. Бір діннің өзінде түрлі бағыттар болатынын білеміз. Сондықтан бұл жөнінде айту керек, ақпарат беру керек. Әсіресе, жастар дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалына тез түсіп қалады. Бұл мәселенің алдын алуға барынша тырысу қажет. Бүгінде біздің қоғам дінге бет бұрған тұста мұның мәні тіптен арта түседі.  

Кездесу “Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдіру” жобасы аясында ұйымдастырылды.

Айымгүл Әбілева