Бизнес және экономика

Жұмыссыздық азайып, табыс көбейген

 

 

Статистика департаментінің қызметкерлері жағымды жаңалықтармен бөлісу үшін баспасөз маслихатын ұйымдастырған. Жиында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері алдымен жерлестеріміздің өмір сүру деңгейімен танысты.

Ольга Перепечина, СҚО статистика департаменті бастығының орынбасары:
Елімізде саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар мен мемлекеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асып келеді. Жалпыға бірдей осындай жобалардың арқасында халықтың әлеуметік жағдайы біршама жақсарып қалды. Бастысы, облыс тұрғындарының өмір сүру сапасы артты.

Облысымызда соңғы 10 жылда жұмыссыздық деңгейі 3,1 пайызға төмендегені байқалады. Екі қолға бір күрек таба алмай жұмыссыз ретінде тіркелушілер 1,5 пайызға кеміпті. Сәйкесінше кіріс те ұлғайып отыр. Мысалы 2004-ші жылы орташа жалақы мөлшері 19166 теңгені құраған.

Нина Васильева, еңбек және үй шаруашылығын зерттеу статистикалық басқармасының бас маманы:
–  2010  жылғы жалақы 2009  жылмен салыстырғанда 13 пайызға өсті. Ал үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында орташа жалақы мөлшері 52 075 теңгеге дейін көтерілді.  

Ең жоғарғы жалақыны қаржыгерлер мен сақтандыру компанияларының қызметкерлері алады екен. Орта есеппен ай сайынғы табыстары 87 мың теңгені құрайды. Ал балық және орман шаруашылығы өкілдерінің еңбегі ең төмен бағаланатын көрінеді. Олардың айлық жұмысына 28,5 мың теңге төленеді екен. Облыс бойынша ең жоғары жалақыны петропавлдықтар алады. Келесі сатыда Шал ақын мен Қызылжар ауданының тұрғындары келеді. Тайыншалықтар бұл экономикалық көрсеткіш бойынша көш соңында қалыпты. Кіріспен қатар жерлестеріміздің шығыны да  артып келеді.

 Ләззат Жетпісова,  үй шаруашылығы және жұмыспен қамту статистикалық басқармасының бастығы:
–  Жылына бір адамның мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге 288 996 теңге қажет.
Оның 89 381 теңгесі азық түлікке жұмсалады. 17 пайызына темекі өнімдері алынады екен. 4059 теңге алкагольді ішімдіктерге кетеді.  

Киім-кешекке 25 914 теңге, ал байланыс пен қоғамдық көлік қызметін өтеуге шамамен 20 598 теңгеден келеді.

Жеңіс Ермұқанов