Құқық қорғау органдары

«Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» акциясы

 

 

 

 
Кезекті рейдтің қорытындысы Петропавлда толық заң шеңберінде жұмыс істемейтін ойын-сауық орындары жеткілікті екенін көрсетті. Мир көшесінде орналасқан би клубының бірінде полиция қызметкерлерін байқаған бір топ бойжеткен тездетіп сыртқа шығуға тырысқан. Бұл әрекеттері секем туғызғандықтан қыз балалар бірден полицияның қозғалмалы пунктіне жеткізілді. Анықтай келгенде, олардың екеуінің 17 жаста ғана екені белгілі болды. Бұл бойжеткендер үшін кеш өкінішті аяқталғанмен, естерінде қалатын болды. Ал кәмелетке толмаған басқа жастар үшін жақсы сабақ болмақ.

 Денис Лебедев, Петропавл қалалық ІІБ КЖТІЖБ инспекторы:
– Түнгі рейд барысында «Ахтамар» сауық құру орнында кәмелетке толмағандардың болғаны анықталды. Оның әкімшілігіне кәмелетке толмағандарды кіргізгені үшін 112-баптың бірінші тармағына сәйкес хаттама толтырылып, әкімшілік сотқа жіберілетін болады. Ал бойжеткендердің өздеріне қатысты 336-бап бойынша хаттама толтырылып, олар да жауапқа тартылады.

Демек, мұндай заң бұзушылықтардан алдымен ойын-сауық орындарының әкімшілігі жапа шегеді. Ал бойжеткендер мен олардың ата-аналарына алғашқы ретте қатаң ескерту жасалады. Бұл «Жасөспірім-Заң -Қауіпсіздік» алдын алу шарасы аясында өткізілген соңғы рейд болатын.

Кәусар Аяпбергенқызы