Білім

Балабақша мұғалімдері тәжірибе алмасты

 

 

 

 
«Ақ бота» бөбекжай-бақшасында сабақтар әрдайым осындай қызықты ойын түрінде өтеді. Балалардың тілге деген қызығушылығын арттырудың амалын білетін тәжірибелі мамандардың бірі – Гүлбаршын Кажкенова. 21 жылдық еңбек өтілі бар ұстаз жақсы нәтижеге жетудің бірнеше әдістерін қолданатын көрінеді

  Гүлбаршын Кажкенова, «Ақ бота» бөбекжай-бақшасы” МКҚК қазақ тілі пәнінің мұғалімі:
Мен бірнеше әдістерді қолданамын. Мысалы, ол әр түрлі дидактикалық ойындар. Немесе жұмбақтар, тақпақтар. Немесе мен бүгін семинарда жаңа инновациялық интерактивтік әдісті қолдандым. Бұл әдістің ерекшелігі – балалар әңгіме барысында өздері жай ғана тыңдап қоймай, олар осы оқиғадағы кейіпкерлердің көңіл күйіне еніп, соларда туындайтын қиыншылықтарды бірге басынан кешіреді, олардың бойында аяушылық немесе басқа да сезімдер туындауы мүмкін.

«Ақ бота» бөбекжай-бақшасының оқытушылары әрдайым бір-бірімен тәжірибе алмасып отырады. Бүгін білім берудегі өзіндік әдістерін өзге де әріптестерімен бөлісті. Семинарға балдырғандарды білім нәрімен сусындататын 48 маман жиылды. Олар тәрбие беру мекемесіндегі қазақ және ағылшын тілі пәндері мұғалімдерінің шеберлік сағаттарына қатысып, жоғары санатты мұғалімдердің біліктілігіне тәнті болды.

 Алтын Сейітова,  «Ақ бота» бөбекжай-бақшасы” МКҚК директоры
– Бұл жас мамандарға артық болмайды деп ойлаймын. Өйткені «өнерді үйрен де жирен» дейді қазағымыз. Білім саласын қазіргі уақытта өте жоғары деңгейде көрсеткіміз келеді. Сондықтан да осындай кездесулер, семинарлар, осындай пікір алмасу, осы заманауи саласына келіп отыр деп ойлаймын.

Шеберлік сағаттарының маңызы зор екенін қалалық балабақшалардан келген тәрбиешілер де растап отыр. Әрбірінің семинардан өз түйгені бар.

 Мұғалімдер:
те жақсы сабақтар өтті. Өзімізге пайдалы кеңестер алдық. Балаларды жалықтырмай, осы пәнге ойын түрінде ойнатып үйреткені маған өте жақсы ұнады.
сындай сабақтар бізге көмектеседі. Тәжірибелі мұғалімдер бізге үлгі көрсетеді. Үлгі болып, тәжірибесімен бөліскендеріне өте қуаныштымы.

Айдана Демесінова