Әр түрлі

Түзету мекемелеріндегі газеттер байқауы

 

 

 

 

 

Бас бостандықтары шектеліп, қалыпты өмірден ажыратылған жандардың жан күйзелістері мен ой-армандары тек солардың өздеріне ғана мәлім. Әрине, қамауда жатып олар да қиялдайды, болашаққа жоспар құрады, Өз ойларын жазасын өтеушілер бұл жолы газет бетінде өрнектеген.

 Жандос Байгенжин, ЕС-164/6 түзету мекемесі, 6-жасағында жазасын өтеуші:
-Біз мұнда бір-бірімізбен сөйлесеміз, қандай арманымыз бар, сыртқа шыққасын не істейміз. Соған қалай жету керек екенін көмектесетін жазулар, суреттер бар.

Бұл конкурс үстіміздегі жылдың ақпан айында басталған екен. Алдымен әр колония жасақтары өз араларында үздік газетті таңдады. Сондықтан облыстық сайысқа терең мазмұнымен, көркемдігімен ерекшеленген ең жақсы жұмыстар ғана жиналды.

 Дихан Әбілов, ЕС-164/4 түзету мекемесінің аға маманы:
– 3 айдай уақыт берілді. Әр жасақта тәрбие бөлімінің бастықтары, психологтар басшылық етті. Жазасын өтеп жатқандықтар ерекшеліктері бар, соларды газетте көрсетуге тырыстық.  

Көптің назарына ұсынылған 6 жұмыстың әрбірінде қазылар алқасы сотталған жандардың асқақ арманын, орындалмай қалған мақсаттарын көре алыпты.

Любовь Окунева, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың психология кафедрасының оқытушысы:
-Мұндағылардың көбі әлі балалық шақты аңсайтын сияқты. Сондықтан қазіргі қатаң талапта өмір сүру олар үшін қиын. Газет арқылы жазасын өтеушілер өздерінің талаптары мен өнерлерін, білімдерін көрсете алды, мен олар үшін қуаныштымын.  

Ең жақсы жұмыстарды таңдау қиын болғанымен қазылар 1-орынға 164/4 мекемесінің газеті лайық деп тапты, 2-орынды 164/6, ал 3-ні 164/1 түзету мекемелері еншіледі. Жеңімпаз газеттің құрастырушыларына ақшалай сыйлықтар берілетін болды.

Кәусар Аяпбергенқызы