Бизнес және экономика

Солтүстікқазақстандық делегация Түмен жерінде

 

 

 

 

Өңір басшысы Серік Біләлов бастап барған Солтүстік Қазақстан облысының ресми делегациясының Түмен облысына екікүндік сапары дүйсенбіден басталды. Шекарадағы Казан ауданында делегацияны Түмен облысының губернаторы Владимир Якушев пен өңірлік үкіметтің өкілдері қарсы алды. Серік Біләлов губернатормен бірге Казан, Заводоуковск және Упоров аудандарындағы агроөнеркәсіп кешенінің бірқатар кәсіпорындарын аралады. Ал делегацияның іскерлік тобы өңірдің өнеркәсіп әлеуетімен танысты. “Поревит” құрылыс материалдары комбинаты, “Шлюмберже” компаниясының өндірістік орталығы мен “Загрос” жабық акционерлік қоғамының өндіріс базасында болды. Солтүстікқазақстандықтардың үшінші тобы Есіл, Заводоуковск, Голышманов және Түмен аудандарындағы бірнеше спорт кешені, мәдениет сарайы, мектептер мен өзге де әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.

Айымгүл Әбілева