Білім

СҚМУ-да аттестация аяқталды

Университет мемлекеттік аттестациядан 2010 жылдың қараша айында өткен еді. Жоғары оқу орнындағы 45 мамандық бойынша оқып жатқан студенттер тест тапсырып, өз білімдерін дәлелдеген. 40 мамандық бойынша білім алушы студенттер бұл сыннан сүрінбей өтті. Ал бес мамандықтың студенттеріне сынақты тағы бір мәрте тапсыруларына тура келді.

Оңдасын Әшімов, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры:

 

 

-Бес мамандық бойынша осы айдың 5-7 аралығында тест тапсырды. Өте жақсы нәтиже көрсетті. Орташа 95 ұпай жинады. Бір мамандық бойынша 100 ұпай жинады.  

Мамыр айында өткен аттестацияның екінші кезеңінде 350-ден аса студент жоғары ұпай жинады. Оқу орнының басшылығы бұл студенттердің сынның алғашқы кезеңінде сүрінуіне тестілердің сапасыздығы себеп болғанын айтады.

Оңдасын Әшімов, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры:

-Тестердің сапасы нашар. Оны біз министрлікке, тестілеу орталығына екі рет жаздық, олар мойындады. Шынында тестердің сапасы онша биік емес деп.

Университет ұжымы аттестация кезінде айтылған  зертханалардағы жихаздарды ауыстыру, ғылымның өнеркәсіппен байланысын арттыру сияқты ескертулер  бойынша да жұмыс істеген. Осылайша университет алдағы бес жылға аттестациядан толық өтті.

Әсем Рахметова