Білім

Мамандықтар көрмесі



 

10 жылдан бері гуманитарлық-техникалық колледжде білім қуған жастарға экономикалық кафедрада 3 мамандықты меңгеріп шығу мүмкіндігі жасалған. Биыл өзге орта кәсіптік білім беру мекемелерінде табылмайтын туризм бөлімі ашылыпты. Дәстүрлі экономикалық мамандықтар көрмесінде 1-ші курс студенттері болашақ кәсіптеріне қажетті ақпарат алды. Ал өз мамандықтарының қыр-сырын меңгеріп шыққалы тұрған биылғы түлектер ізбасарларына білген-түйгендерін жеткізуге тырысып бақты.

Айгүл Рақымова, гуманитарлық- техникалық колледж студенті:
– Мен есеп және аудит мамандығын таңдап едім. Бұл мамандық өте қызықты. Біз оқу практикасында «1С бухгалтерия» бағдарламасымен жұмыс істеп көптеген құжаттарды толтырып үйренеміз. Бұл мені қатты қызықтырды. Сондықтан өз таңдауымды жасағаныма өкінбеймін.

Соңғы курстың студенттері көрмеге қатысушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында оқу бағдарламасы мен тәжірибені ұштастырып, нәтижесін іс жүзінде көрсетті. Бахытгүл Таутаева нарық заманында сұранысқа ие қаржы мамандығын таңдауды дұрыс деп шешіпті.

Бахытгүл Таутаева, гуманитарлық- техникалық колледж студенті:
– Бүгінгі іс-шарада таңдаған мамандығыммен қателеспегеніме тағы көз жеткіздім. Бұл қаржы мамандығы елімізге өте қажет. Өйткені барлығы осы қаржы мәселесіне келіп тіреледі. Сондықтан осы мамандықты таңдадым.  

Есеп және аудит, қаржы мамандықтарын мемлекеттік тілде игеретін топтар бюджет есебінен білім алуда. Сондай-ақ орыс тіліндегі туризм мен маркетинг мамандығын таңдаған студенттер де тегін оқиды.

Алима Оспанова, гуманитарлық- техникалық колледждің экономика кафедрасының меңгерушісі:
– Келесі оқу жылынада 9 және 11 сыныптан кейін түскен абитуриентерге грант қарастырылған. Студенттер тегін ғана емес сондай-ақ заманға сай сапалы білім алулары үшін барлық  жағдай жасалған. Бұл мамандықтар материалдық-техникалық базамен толықтай қамтылған. Оқуларын тәмамдаған соң жұмысқа орналасуға көмектесеміз.  

Биыл экономика кафедрасы 120 маман даярлап шығарады. Жаңа оқу жылында түлектердің санын екі есеге арттыру көзделуде.

Жеңіс Ермұқанов