Денсаулық сақтау

17 мамыр – Бүкіләлемдік гипертониямен күрес күні

 

 

 

Жүрек- қантамыр ауруларынан туындайтын өлім-жітімнің тең жартысы артериялық гипертонияның үлесіне тиесілі екен. Бірақ, бұл қатерлі кеселге шалдыққандардың  2/3 өздерінің дерттері жайлы біле бермейді.

 Галина Гурьянова, облыстық аурухананың кардиологы:
– Гиппертония өмірге өте қауіпті ауру. Өйткені, жүректің миокард инфарктісі және мидың инсульты жедел ауруларының дамуына себепкер болады. Сондай-ақ жүрек, ми, бүйрек және көздің созылмалы ауруларының негізін қалайды. Сондықтан қан қысымы жоғары болса,  бірден дәрігерге қаралу қажет. Ушықпай тұрғанда ем қабылдамаса, кеш болады.

Сондықтан ауырып ем іздегенше ауырмаудың жолын тапқан дұрыс дейді ақ халатты абзал жандар. Бұның бірден бір амалы – “тонометр” құрылғысының көмегімен артериялық қан қысымын үнемі өлшеп отыру. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен гипертониямен күрес күні аясында өңір дәрігерлері “Қан қысымыңызды біліңіз” акциясын өткізді. Игі шара қаламыздың халық көптеп шоғырланатын жерлерінде ұйымдастырылды. Таңғы сағат тоғыздан теміржол вокзалында акцияның мүмкіндігін пайдаланып қаламын деушілер көптеп жиналды. Олардың бірі – Түлкібек Ескендіров. 50- ге келіп қалған петропавлдық әсіресе осы жаста қан қысымының жоғарылайтынын жақсы біледі.

  Түлкібай Ескендіров:
– Қан қысымын тексермегелі көп болды. Енді міне осындай мүмкіндік туып отыр. Қан қысымының жоғарылауы қауіпті ауруларды тудырады. Сол себепті әрдайым қан қысымын тексеріп отыру дұрыс деп ойлаймын. 

Вокзалдың бірінші қабатында ұйымдастырылған уақытша медициналық тексерістен 1,5 сағаттың ішінде 30-ға тарта адам өтті.

  Артём Солеженцев,  медицина колледжінің студенті:
– Біз 8 адамға дәрігерге қаралуға анықтама бердік. Олардың қан қысымы нормадан әлдеқайда жоғары болды. Негізінен ол аға буын өкілдері. Жастарда әзірге гипертония белгілері анықталған жоқ.  

Ал халыққа қызмет көрсету орталығында 2 сағаттың ішінде 55 адам қаралды. Оның 18-іне дәрігердің кеңесі қажет екен. Көпшілігі ағзаларында гипертония белгілерінің бар екенін білмепті де. Орталыққа баласының төлқұжатын алуға келген Жанна Сембаеваның қан қысымы мүлдем төмен екен. Бұл да денсаулыққа қауіпті.

 Жанна Сембаева:
– Бүгін акцияға легіп қалдық. Менің қан қысымым өте төмен, жиі тексереміз.

Жалпы акция аясында қан қысымын өлшеу пунттері облыс орталығындағы 10 шағынауданда жұмыс жасады. Игі шараның арқасында 1 442 солтүстікқазақстандық өз қысымын тексеріп алды. 549 азаматта гипертония белгілері анықталған.

Жеңіс Ермұқанов