Мәдениет

Техникалық шығармашылық көрмесі

Көрмедегі заттар әр түрлі материалдардан жасалған, бұл ретте ешқандай шектеу қойылмаған.   

 Игорь Лунин, техникалық шығармашылық көрмесіне қатысушы, Аққайың ауданы:
-Ғарыш кемесін сыра құтыларынан жасап шығардым. Алдымен барлық бөлшектерін жапсырып, кейін боядым.  

«Зерде» ғылыми-ағартушылық орталығы ұйымдастырған көрме ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды.

Әлия Омарова, «Зерде» ғылыми-ағартушылық орталық» ҚБ төрайымы:
-Жастар саясатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау аясында балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылығы бойынша облыстық көрме ұйымдастырып отырмыз. Ол ҚР-ң 20 жылдығына орайластырылған.

Бекет Құдайбергеновтың авиамодельдеуге ден қойғанына 2 жыл. Бұл уақытта жас техник планердің бірнеше үлгісін жасаған.

 Бекет Құдайбергенов, техникалық шығармашылық көрмесіне қатысушы, М.Жұмабаев ауданы:
– Әр түрлі ағаштардан, жіппен байлап, желіммен жабыстырып істейміз. Мұнда өте ұқыпты, әдемі істеу керек. Күллі бұрыштарды бір-біріне келтіріп байлап, жақсылап істеу керек.

Ұлдар теңіз қарақшыларының кемелері мен ұшақтарды жасап әкелсе, қыздар көпшілік назарына қуыршақ үйлерін ұсынды.

Ал Тимирязев ауданы Интернациональное селосындағы орта мектептің оқушылары өзгелерден ерекшелене білді.

 Самат Нұрлыхан, техникалық шығармашылық көрмесіне қатысушы, Тимирязев ауданы:
– Сүйектен, мүйізден, ағаштан және саздан жасалған бұйымдарды әкелдік. Әсіресе, саздан бұйым жасау үшін көп уақыт пен шыдамдылық қажет.

Ал сүйекпен жұмыс істеу жеңілірек.  Алайда мұндай шығармашылыққа мол сабырлық керек.

Айдана Демесінова