Мәдениет

Отбасылар фестивалі

  

 

 

 

 

“Отбасы институтын нығайту” – Елбасы Н.Назарбаевтың әр қазақстандыққа қойған талабының бірі. Ал оны орындаудың жолын аталған сайысқа қатысушылар жақсы біледі. Бұл отбасыларында бірлік пен береке шығармашылық пен өнерден бастау алады.

 Ғалия Балтабаева, СҚО балалар құқығын қорғау департаменті директорының орынбасары:
-1994 жылдан бастап отбасы күні әр мемлекетте өткізіліп жатады. Соған орай ұйымдастыру комитеті жақсы, үлгілі отбасыларды шақырып отыр. Біздің мақсатымыз – осындай отбасыларды насихаттау.

Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер демекші, бұл отбасыларының өнер бұлағынан сусындаған әр мүшесі дарынды. Сондай үлгілі отбасының бірі – Рамазановтар әулеті сайысқа бір көрмеге жетерлік бұйымдарын ала келіпті. Олардың  қолөнер туындылары бүгінде өз шаңырақтарын сәндеп қана қоймай, туғандарын қуантуға да жарайтын көрінеді.

 Балтабай Рамазанов, сайысқа қатысушы, Жамбыл ауданы:
– 1991-92 жылдары қаражат уақытында берілмейді, бір нәрсемен айналысу керек болды. Сондықтан туған-туыстарға жиынға барсақ осы істеген бұйымымызды алып барамыз. Қазір де солардың көбінің үйінде тұр, өзіміз қуанамыз.

Халықаралық отбасы күніне орайластырылған мұндай фестиваль облыс көлемінде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Оның өткізілуіне балалар құқығын қорғау департаменті, мәдениет пен білім басқармалары бастамашы болған. Сайыскерлерді облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов құттықтады.  Фестиваль талабы бойынша әр жанұя қолдарынан келген өнерлерін паш етті, яғни, ағаш ойып, былғарыдан өнім шығару, кесте тоқу, сурет салу, ән мен күйлерді орындау, музыкалық аспаптарда ойнау. Бұл жолғы шығармашылық сайыста үздіктер таңдалған жоқ. Оған қатысып, басқаларға тату шаңырақтың үлгісін көрсетудің өзі жеңіс саналады. Фестиваль соңында барлық сайыскерлерге алғыс хаттар  мен бағалы сыйлықтар тарту етілді.

Кәусар Аяпбергенқызы