Билік

Аялдамаларға хабарландыру ілетіндер жазаланады

  

 

 

 

 

 

Бүгінде Петропавлда екі жүз отыз аялдама павильоны бар болса, олардың барлығына дерлік жарнамалар мен хабарландырулар қаптап ілінген. Жақында ғана орнатылған аялдамаларға да қалалықтар хабарландыру жапсырып үлгереді. Өткен жылы облыс орталығында 20 жаңа аялдама павильоны орнатылған. Биыл тағы он бесін қою жоспарланып отыр. Бұның барлығы қаланы көріктендіру бағытында жасалып жатқан жұмыс. Бірақ көптеген тұрғындар мұны бағаламай, туған қаласының келбетіне бей-жайлық танытады.

Тұрғындар:

– Бұл дұрыс емес. Хабарландырулар мен жарнамалар ілінген аялдамалар қаланың көркін, әсемдігін бұзады.
– Қала бойынша осындай аялдамаларды көп көруге болады. Толтырып қояды. Әдемі емес.
-Осылайша қаланың көркін бұзатындарды жазалау керек. Оларға шара қолдану керек.
Әйтпесе болмайды.

Егер бұрын аялдамаларды хабарландыру мен жарнамаға толтырып қоятындарға ешбір шара қолданылмаса, енді олар жазаланатын болады.

Дулат Шарапиденов, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы:
-Ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірге біз рейдтер жасаймыз қала бойынша. Сосын жарнамалар ілгендерге  біз әкімшілік кодекс бойынша жаза қолданамыз.

Жеке тұлғалар 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейтін болады. Орта кәсіпкерлік нысандарына салынатын айыппұл мөлшері – 20-дан 40-қа дейін, ал ірі бизнес өкілдері тартылатын жаза – 50-100 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Тағы бір айта кететін жәйт, хабарландырулар ілуге арналған арнайы тақталары жоқ аялдамаларға жаңалары орнатылатын болады.

Айымгүл Әбілева