«Нелегал» шарасы

Құқық қорғау органдары

14:36 12 Мамыр 2011

 

Арзан жұмыс күші саналатын Орталық Азия елдерінің жалдамалы жұмысшылары күн көрістің қамымен жаз келісімен облысымыз арқылы Ресейге ағылады. Көбінің шекара асулары заңсыз. Сондықтан көші-қон полициясы облысымзға аяқ басқан әрбір шетелдікті екі мәрте тексерістен өткізеді. Өңір аумағына енер тұста және туған жерлеріне қайтар жолда. Біразы өздеріне қолайлы еңбек орнын өңірімізден тауып жатады. Көші-қон полициясы
қала базарларын, вокзал аумағын тексерді. Өзбекстандық  бір азамат вокзал аумағында ұсталды. Оның төлқұжатының мерзімі тіпті былтыр өтіп кетіпті. Қолында заң бойынша төлқұжатпен қатар тіркеу және еңбек етуге рұқсат берілген қағаздары болуы шарт. Олар да жоқ. Ер адам Ресейдегі маусымдық жұмыстан соң Отанына оралмақшы болыпты. Алайда қомақты қаржы таппақ түгіл үйге қайтар тиын-тебенсіз қалған. Сот шешімімен өзбекстандық азамат көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін үш сөткеге қамауға алынды. Кейін өзі сынды тағы 26 шетелдікпен бірге республика аумағынан аластатылды. «Нелегал» операциясының бірінші күні ҚР аумағында болу ережесін елмеген 222 шетелдік әкімшілік жауапқа тартылды. Гастарбайтерлердің жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 7 солтүстікқазақстандық та айыппұл төлейтін болады. «Нелегал» жедел алдын алу шарасы мамырдың 13-не дейін жалғасады.

 Жеңіс Ермұқанов

Бұдан әрі оқыңыз

Тұрғылықты мекені жоқ жандар арнайы мекемеге жеткізілуде
Полицейлер сап түзеді
Тәртіп сақшыларының оқу-әдістемелік жиыны өтті
СҚО-да су шаяндарын заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды
Бұзақы баланың қылығы
Облыстық полиция департаментінің музейіне – 30 жыл
Оңай жолмен табыс табамын дегендер ұсталды
Нәзікжанды жол апатынан қаза тапты
Петропавлда 2 адамды көлік қағып кетті
Петропавлдық Мадияр Өсербаевқа іздеу салынады
Кезекті «Жолда қабылдау» акциясы өтті
Кәсіпкерлер ақпараттандырылды