Спорт

Футбол мамандарының жиыны

 

 

 

Өңір футболшыларының бүгінгі жағдайы мәз емес. Өткен маусымда ұтымды ойын көрсете алмаған жергілікті аяқ доп шеберлері биыл да жанкүйерлерін қуанта алмай жүр. Осы орайда бүгін мамандар ғылыми-практикалық конференцияда бас қосты. Оған спорт мектептерінің, өзге де оқу орындарының футбол бапкерлері жиылды. Онда футболшылардың біліктілігін кішкентай кезінен шыңдау керектігі жайлы сөз болды.

  Сергей Каракчеев, БЖСМ аға бапкері:
Өңіріміздегі спорттың бұл түрі алға қадам басар деген үміттеміз. Футболдың дамуына, әрине, әлеуметтік жағдай да әсер етеді. Бүгінгі күйіміз жаман емес. Сондықтан да біздің футболшылардың болашағы жарқын болады деп сенемін.

Жиында Сібір Мемлекеттік дене тәрбиесі және спорт университетінің доценті Генадий Безматерных әріптестеріне кеңес берді. Оның айтуынша, жас футболшыларды тәрбиелегенде акробатика жаттығуларын да қолданған дұрыс. Мұны арнайы әкелген бейнематериал үзінділерімен дәлелдеп берді

  Геннадий Безматерных,  Сібір Мемлекеттік дене тәрбиесі және спорт университеті гимнастика кафедрасының доценті:
Егер біз акробатика жаттығуларын меңгерсек, онда футболдағы кей әдістерді еш қиындықсыз қолданамыз. Мұндай спортшылар құлаған кезде де жарақат алмайды. Сондықтан да футболшылар осы екеуін бірге ұштастырса нұр үстіне нұр болатыны сөзсіз.

Ұйымдастырушылар осындай шаралардың дәстүрге айналып, спортшылардың шеберлігін шыңдауға септігін тигізетініне үмітті

 Айдана Демесінова