Қоғам

Зерде вахтасы


Бұл азаматтардың қолға алған ісі ерлікпен теңелмесе де соған пара пар. Олардың осы жолғы іздеу нысаны соғыс кезінде жойқын ұрыс алаңына айналған Ресейдің Орел  мен Новгород облыстары. Қазба барысы әдеттегідей қиын болды, 3 күн толассыз  жауын құйды, бірақ жұмысымызды тоқтатқан жоқпыз дейді өздері.   Игорь Фида осымен 8 рет вахтадан қайтты. Оның тапқаны – неміс жетоны.

Игорь Фида, СҚО «Поиск» қоғамдық бірлестігінің мүшесі:
-Бұл жетон өлім жазасына кесілген адамның медальоны деп аталатын. Оған жауынгер жайлы мәліметтер жазылып, бір бөлігі қайтқан сарбаздың мойнында қалады, екіншісін есеп үшін штабқа жіберетін.

Зерде вахтасына жалпы 12 солтүстікқазақстандық аттанды. Іздеу жасақтарының біріне Александр Самойлов жетекшілік етті. Олардың тапқан негізгі олжалары  кеңес әскерінің құрамында шайқасқан 22 жауынгердің денесі. Бір кездері хабарсыз кеткен солдаттардың сүйектері жер қойнауына тапсырылды.

  Александр Самойлов, СҚО «Поиск» қоғамдық бірлестігінің жасақ командирі:
– Тапқан заттар әлі тексерілетін болады. Себебі жауынгердің қасынан табылған медальондар нақ соған тиісті болмауы мүмкін. Атаулы заттардан Смаленинов Николай Васильевичтің қасығы мен   медальоны табылды. Тек әзірге аты-жөнін атай алмаймыз.

Топ мүшелері үшін бұл сапар да естен кетпестей болды. Ал күзде олар Зерде вахтасына тағы бір мәрте шықпақ.

Кәусар Аяпбергенқызы