ТЖ

Тергеушілер өрттің себебін анықтап жатыр

 

 

 

Сауда үйінде түске тарта басталған өрт келесі күні таңертеңгі жетіде толықтай ауыздықталды. Тілсіз жаудың беті қайтарылғанмен шала жанған дүние қайта тұтанып, біраз әлекке түсірген. Екінші күні де өрт сөндірушілердің бірнеше көлігі қайта-қайта келіп, тұтанған отты тұншықтырумен болды. Екі күннің ішінде бұл жерде жеке құрамның 130-дан  астам қызметкері жұмыс істеді. 31 негізгі және 12 қосымша техника жұмылдырылған.

Әсет Ысмағұлов,  СҚО ТЖД бастығының орынбасары міндетін атқарушы:
– Өрт 3200 шаршы метр аумақты шарпыды.
Саудагерлер кешеден бері осы маңда. Сау қалған дүние шамалы. Дегенмен олар күлдің арасынан өз мүліктерін іздеп әуре.
Татьяна Клепова
, саудагер:

лтын, күміс, сөмкелер, әмияндар сататынбыз. Күлдің арасынан аздаған күміс бұйымдарын таптық. Ал алтын жоқ. Өрт кезінде жауып шыққан сейф ашық қалыпты. Шамамен 35 мың АҚШ долларының алтыны бар еді. Ал былғары сөмкелер әрине, жанып кетті.  

Әзірге  оттың шығу себептері анықталып жатыр. Ал саудагерлер келген шығынды есептеуге кіріскен. Кейбіреулері өрттен аман қалған мүліктерінің ұрланғанын айтып дабыл қағуда. Қарбаласты пайдаланып, жеңіл олжаға кенелгендер де болған көрінеді.

Татьяна, сатушы:

-Біздің фотоаппараттарымыз қолды болды. Шағын тұрмыстық техникалар жоғалды. Кеше кіргенде тауар сөресінің шынысы сынғанын көрдік. Ал бүгін телефондар мен портативтік DVD-лер жоқ.  

Саудагерлер жоғалған мүлік бойынша полицияға арыз жазуғы кіріскен. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.