Ауыл шаруашылығы

Петропавлда отандық комбайн таныстырылды

 

 

 

 

001-ші нөмірлі комбайн  – Қазақстанда құрастырылған алғашқы шетелдік астық жинағыш техника. Жоба ауылшаруашылығы саласында отандық тауар өндірушілердің үлесін арттыру мақсатында өткен жылдың қазан айынан қолға алыныпты. Агроқұрылымдарға осымен 150 жыл бойы техника құрастырып жүрген финляндиялық “Сампо” компаниясының 2000-шы сериалы комбайнының негізінде жасалған.

Нұрлан Қожақов, “Канди-Алматы” ЖШС СҚОФ директоры:
– Шетелдік және ресейлік “Енисей” комбайндарымен қатар қойып тексергенде бұл комбайн өзінің экономиясы мен техникалық сапасы жағынан өте жақсы көрсетті. Әсіресе солтүстікт жақсы істейді. Биылғы жылы солтүстік өңірге 15-20 комбайн шығарамыз деген мақсат бар.  

Сынақ көрсеткендей комбайн жанармайды аз жейді. Айталық шетелдік “Джондирден” 25%, ал ресейлік “Енисей” комбайндерынан 50% дейін майды аз талап етеді екен. Комбайнның дән құйылатын қорабының сыйымдылығы 8 мың литр. Құны да шетелдік үлгіден әлдеқайда төмен.

Юрий Кривошеин, “Канди- Алматы” ЖШС директоры:
Біз отандық тауар өндірушілердің қатарына ендік. Сондықтан біздің өнімді “Қазагрофинанс” арқылы 7 жылға жеңілдетілген несиемен алуға болады. Жылдық үстеме ақысы 4 пайызды құрайды. Бұл өте тиімді. Өйткені агроқұрылымдар өзге техниканы 11,12 пайызбен алып жатыр.  

Комбайндар Оңтүстік Қазақстан облысының Іле ауданында құрастырылады. Әзірге қазақстандық құрам 30 пайызды құрайды. Негізгі қажетті қозғалтыш саймандарымен финляндиялық компания жабдықтайды. Ал өзге қосалқы бөлшектері отандық өнім. Серіктестік өткен 6 айда  5 комбайн құрастырып үлгеріпті. Астықты өңір ретінде бірінші данасын солтүстікқазақстандық диқандарға ұсынуды жөн санапты. Комбайнмен жіті танысқан жергілікті шаруа қожалықтарының басшылары бұл техниканың орақ науқанына   әбден жарайтынын айтады.

Анатолий Мищенко, “Полтавское”ЖШС бас инженері, Аққайың ауданы:
Біздің шаруашылығымызда бұндай комбайндар жоқ. Құрастырушылардың айтуынша құрылысы қарапайым, жергілікті комбайндардің бөлшектері келе береді. Онда жөндеу қиындық тудырмайды. Үнемді болғанымен қуаттылығы өзгелерден кем түспейді. Іс жүзінде осындай болса күзгі астық жинау науқанына таптырмас көмекші болады деп ойлаймын.

Егерде өнім сенімді ақтап, сұраныс туып жатса, оңтүстікқазақстандық зауыттың жылына осындай 150 комбайнды құрастыруға қуаты жететін көрінеді.

Жеңіс Ермұқанов