ТКШ

Көгалдандыру

 

 

 

 

Өткен жылмен салыстырғанда биыл гүл отырғызатын аумақ шамамен 2 есеге артқан. Былтыр ол 4 мың 900 шаршы метр болса, биыл 8 мың шаршы метрді құрайды.

Андрей Немилостивый, “Коммунхоз” МКК директоры:
– Мамыр айында 40-45 мың көшет отырғызу жоспарланған. Ал маусымда гүлдің 350 мың данасын егуді көздеп отырмыз. Жалпы 400 мыңға жуық гүл отырғызу керекпіз. Айта кету керек, Петропавлда соңғы 10 жылдың ішінде алғаш рет 9 Мамырға дейін гүл егілді.

Ағымдағы жылы тұқым қоры да 40 пайызға жаңартылыпты. Гүл көшеттерін сатып алу үшін 1 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Облыс орталығында гүлдің 12 сорты бойынша 26 түрі егіледі.

Андрей Немилостивый, “Коммунхоз” МКК директоры:
-Гүл тұқымдарын көбіне Ресейден әкелдік. Шырайгүлдің сан түрлісін алдық. Бұл сорттағы тұқымдар қаламызда егілетін гүлдердің шамамен 40 пайызын құрайтын болады. Осы жылы цинерарий және кориус өсімдіктерін отырғызбақпыз.  

Кәсіпорын қызметкерлері сәуірдің 27- 29-ы аралығында Астана қаласында болған көрмеге қатысыпты. Соның нәтижесінде гүлдерді белгілі бір өрнек түрінде отырғызу көзделіп отыр. Әзірге Николай Погодин атындағы орыс драма театрының маңына егілген  гүлдер ғана тұрғындарды қуантып отыр. Келесі кезекте Жамбыл және Қазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысын көгалдандыру жоспарланған. Ал қаланы гүлдендіру жұмыстары маусымның 20-сына дейін жалғаспақ.  
Айдана Демесінова